91
кейін бүйректе 1,25-дигидроксихоликальциферол жəне 1,24,
25-тригидроксихолекальциферол түзіледі.
Бұл заттар бүйректен негізінен ащы ішекке жəне сүйек ұл-
пасына барады, сол арада кальцийдің жəне фосфордың алмасу-
ын реттейді, Д витаминінің осы гидроксильденген метаболиттері
ішектердің шырыш қабатында кальций ионының сорылуын
реттейді. Д витамині стероидтық гормондар сияқты транскрип-
ция деңгейінде əсер етеді жəне ол кальцийді байланыстырушы
белоктардың синтезделуіне себеп болады
.
Ол белоктың м.м. 10
000-12 000. Белок ішекте кальцийдің 2 – 4 атомын қосып ала-
ды да, қан арқылы сүйек ұлпасына жəне басқа да мүшелер мен
ұлпаларға жеткізеді.
Егер Д витамині жеткіліксіз болса, өсіп келе жатқан жас
жануарлардың сүйегінде жəне шеміршегінде кальций мен фос-
фор тұздарының жиналып қалыптасу процесі бұзылады.
Сүйектері жұмсарады, омыртқа сүйектерінің пішіні бұзылады
жəне аяқтары қисайып өседі. Халық арасында бұл ауру мешел,
рахит (грекше) деген атпен белгілі.
Бұзаулар, торайлар, қозылар, құс балапандары сияқты ауыл
шаруашылығы жаңуарларының жас төлдері рахитке жиі ұшы-
райды. Олардың бүкіл сүйек жүйесінің дамуы бəсеңдейді, əсіресе,
тіс дентинасы (сүйек ұлпасы) нашар жетіледі, қан азайып, анемия
белгілері көрінеді. Рахит ауруына ұшырағандар өкпенің құрт ау-
руына оңай шалдығады.
Д витамині жəне оның провитаминдері табиғатта кең тарал-
ған. Жануар тектес азық-түліктерде – балық бауырының майын-
да, сиыр, қой бауырында көп болады. Сол сияқты сары майда,
сүтте, жұмыртқада кездеседі. Эргостерол сонымен қатар ашытқы,
өсім дік дəндерінің майында жəне саңырауқұлақтарда кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: