89
Жарықта
Родопсин опсин + ретиналь
Қараңғыда
Ағзада А витамині жетіспеген кезде эпителий жасушалары-
ның қалыпты түзілуі бұзылады. Бұл А-авитаминоздың бір
себебі. Мұндай авитаминоз кезінде теріде сызат пайда болып,
ол қабыршықтана бастайды, осының салдарынан микроағзалар
жəне зиянды заттар жасушаға оңай ене алады. Ретинолдың же-
тіс пеуі салдарынан лизоцим болмайды. Сол көздің шырышты
қабатын ауруға ұшыратады. Оның эпителийі құрғайды. Мұндай
сырқатты ксерофтальмия (гректе құрғақ, ophtalmos – көз) деп
атайды. Ксерофтальмия сырқаты кезінде көздің шарайнасы
(қасаң қабаты) қатты зақымданады, соның салдарынан соқыр бо-
лып қалады.
А-авитаминоз сырқатының алғашқы белгісі тауықкөз (ақшам
соқыр) болады. Бұл витаминнің жетіспеуі - жас төлдердің өсуін
тоқтатады жəне сперматогенез процесі тиылады, осының салда-
рынан мал басын өз төлі есебінен көбейту процесі бұзылады.
А
1
жəне А
2
витаминдері жануарлар ағзасында болады. Əсі-
ресе, балықтың бауыры, жануарлар бауыры, жұмыртқаның сары
уызы, жазда сиыр сүтінен алынған сары май осы витаминдер-
ге бай келеді. Ал етте олар біршама аз. Каротиноидтар сəбізде,
өрікте, петрушка жапырағында, асқабақта жəне барлық жасыл
өсімдіктерде кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: