137
заңдылық бар, бұл көптеген эксперименттік деректермен дə лел-
денді. Осы заңдылық ДНҚ молекуласының екінші реттік құры-
лымының ашылуында үлкен пайдасы тиді.
Дезоксирибонуклеин қышқылдарының екінші реттік құ
ры-
лымын 1953 жылы жас биохимиктер Дж. Уотсон жəне Ф. Крик
анықтады.
Олардың теориясы бойынша, ДНҚ
молекуласы кеңістікте ан-
типараллель орналасқан қос қабат спиральға ұқсайды (бір тізбек
5'→3' бағытында екіншісі 3'→5'). Екі полинуклеотид тізбек өзара
бұранда сияқты жалғасып, азотты негіз арқылы байланысады
дейді. Азотты негіздер спиральдың
ішіне қарай орналасқан, ал
пентозды-фосфорлы қалдықтар ДНҚ молекуласының сыртқы
жағына қарай бағытталған (14-сурет).
14-сурет.
ДНҚ молекуласының ІІ реттік құрылымы
138
Қос қабат спиральдегі азотты негіздердің байланысуы ерек-
ше: бір тізбектегі аденинге екінші тізбектің тимині, ал гуанинге
екінші тізбектің цитозині қарсы орналасады.
Осылай орналасу-
ды ДНҚ тізбегіндегі сəйкестік немесе комплементарлық дейді
жəне ол тірі материяда генетикалық қасиеттердің сақталуында,
ұрпақтан-ұрпаққа берілуінде ерекше маңызды қызмет атқарады.
Қос қабат спиральді тізбекті азотты негіздер арасындағы
сутектік байланыс жəне гидрофобтық əрекеттесулер (Стекинг
байланыстары) біріктіріп бекітеді.
Мұнда аденин мен тимин екі сутектік байланыс түзеді, ал гуа-
нин мен цитозин үш сутектік байланыс түзеді.
Бір спиральдің бойында азоттық негіздің 10
жұбы орналаса-
ды. Спиральдің бір қадамы - 3,4 нм, диаметрі - 1,7 нм. ДНҚ-ның
мұндай формасын В-форма деп атайды, В-форма репликация
процесіне бейімділеу келеді.
ДНҚ молекуласының екінші түрі А-форма. А-формада спи-
ральдің бір айналымына азоттық негіздердің 11 жұбы келеді,
спиральдің қадамы - 2,8 нм, жазықтықта бұрылу бұрышы - 20
0
.
ДНҚ-ның А-формасы транскрипция процесіне бейімделген.
Вирустарда
С-форма табылған, спиральдің айналымында 9,3
негіздер жұбы болады.
ДНҚ-ның Z-формасы да табылған, ол солға қарай айналған
спираль. Спиральдің айналымы сирек, əр айналымға азотты
негіз дердің 123 жұбы сияды.
ДНҚ-ның үшінші реттік құрылымы.
Хромосомадағы ДНҚ-
ның қос қабат спиралі гистон-белоктарымен жалғасады.
Белок
– ДНҚ жүйесін тұрақтандыратын иондық байланыс. Белок-ДНҚ
жүйесі спиральденеді де, ДНҚ-ның үшінші реттік құрылымын
береді (15-сурет).
ДНҚ кеңістікте орналасқан кезде бірнеше деңгейлер пайда бо-
лады:
1. Нуклеосомалық
деңгей: ДНҚ-мен гистон-белоктар əрекет-
тескенде, нуклеосомалық «жіп» түзіледі.
2. Екінші деңгей нуклеосомалық «жіптен»
хроматин фибриль-
дері пайда болады, диаметрі 20-30нм. Бұлардың ішінде тиімдісі
- соленоидтық модель.
3. Үшінші деңгей хроматин фибрильдерінің ілгек тəрізді ор-