153
а) Көмірсулардың пируватқа дейін тотығуы рет-ретімен жү-
ретін көптеген ферментативті реакциялардан тұрады (21-сурет).
20-сурет
. Катаболизмнің жəне анаболизмнің 1-ші сатысы.
Сызықтар катаболикалық жəне анаболикалық жолдарды көрсетеді
21-сурет.
Көмірсулардың пируватқа дейін арнайы тотығу жолдары
б) Липидтер липаза арқылы глицерин
мен бос май қыш қыл-
дарына ыдырайды. Глицерин энергия көзі ретінде жұмсала алады.
154
Глицерин глицеролкиназа ферментінің əсерінен глицерофосфатқа
айналады. Глицерофосфат НАД
+
тəуелді дегидрогеназа арқылы
тотығып, глицеральдегидфосфатқа айналады. Глицеральдегид-
фосфат цитоплазмада
гликолиз процесіне еніп, əрі қарай тотығып,
пирожүзім қышқылын береді.
в) Белоктар пептидгидролазалардың əсерінен ыдырағанда,
түзілген реакция өнімдерінің құрамында барлық 20 амин қыш-
қылдары кездеседі. Осы 20 амин қышқылдары 20 түрлі жол-
мен, көптеген ферментативті реакциялар нəтижесінде тотығады.
22-сурет.
Амин қышқылдарының жалпы тотығу схемасы жəне
аралық
өнімдердің үшкарбон қышқылы цикліне ену жолдары.
155
Барлық тотығу жолдары ақырында,
бірнеше аралық өнімдердің
түзілуіне алып келеді. Бұл аралық метаболиттер үшкарбон
цикліне түседі.
Күрделі органикалық заттар – белоктар, көмірсулар, липид-
тер асқорыту жолдары ферменттерінің əсерінен қорытылып,
сі ңі
рілгеннен кейін, қан арқылы
ағза тіндерінің жасушалары-
на түседі. Жасушада метаболиттер спецификалық өзгерістерге
ұшырайды, яғни əрқайсысы ерекше жолдармен тотығады (22-су-
рет). Осы процестер кезінде соңғы өнім ретінде аралық универ-
салды метаболиттер: пирожүзім қышқылы немесе активті сірке
қышқылдары (ацетил-КоА) түзіледі.
Жасушада глюкоза, глицерин жəне кейбір амин қышқылда-
ры арнайы жолдармен тотығуы нəтижесінде, пирожүзім қышқы-
лына айналады. Ол пируватдегидрогеназды мультиферментті
ком п
лекстің қатысуымен, тотығудан декарбоксилдену реакциясы
нəти жесінде, активті сірке қышқылын түзеді:
Энергия алмасудың бірінші сатысында көмірсулар, липидтер,
амин қышқылдарының тотығуы нəтижесінде түзілген активті
сірке қышқылы (АСҚ), тек үш
карбон қышқылы циклінде то-
тығады.
Достарыңызбен бөлісу: