193
Амин қышқылдарының декарбоксилденуі.
Амин қышқы лын-
дағы СО
2
-ның үзіліп, бөлінуін декарбоксилдену деп атайды.
Бұл процесті декарбоксилаза ферменті катализдейді де, аминдер
түзілу арқылы жүреді. Декарбоксилдену
реакциясы қайтымсыз,
ал декарбоксилаза ферменті күрделі ферменттер болып келеді,
бұлардың коферменті пиридоксальфосфат (ПФ).
ПФ
R – CH – COOH
R – CH
2
– NH
2
+ CO
2
׀
NH
2
амин
амин қышқылы
Аминдер улы заттар, жануарлар ағзасында аминооксидаза
фер менттері
аминдерді тотықтырып, альдегидке, одан əрі карбон
қышқылдарына айналдырады. Əрі қарай карбон қышқылдары β –
тотығады, ал сутегінің асқын тотығын каталаза ыдыратады.
8.3. Аммиакты байланыстыру жолдары
Тірі ағзалардың барлығында амин қышқылдары ыдырап, ам-
миак түзеді.
Бұл улы зат, қанда аммиак мөлшері 40 – 50 мкмоль/л-
ден аспауы қажет, осы шамадан асқан жағдайда мидың функция-
сы бұзылады.
Катаболизм процесінде пайда болған аммиакты ағзада байла-
ныстыратын бірнеше жолы бар:
1. Ағзада түзілген аммиактың 90%-ы мочевина (зəр) түрінде
ағзадан шығарылады. Мочевина бауырда синтезделеді,
ағзаның
басқа мүшелерінде синтезделген аммиак глутаминмен (глутамин
қышқылының амиді, глн) байланысқан түрде бауырға жеткізіледі.
+NH
3
H
2
O О
׀׀
СООН – (СН
2
)
2
– СН – СООН H
2
N– C – (CH
2
)
2
–
CH - COOH
│ │
NH
2
АТФ АДФ + Р NH
2
глутамат глутамин
13–519
194
Глутамин биосинтезі глутаминсинтетаза ферментімен ката-
лизденеді, ал реакцияға қажет энергияны АТФ береді.
Глутамин
аммиактың бауырға, бүйрекке, ішекке тасымалданатын залал-
сыздандырылған түрі.
2. Аммиакты залалсыздандырылып байланыстырудың тағы
бір жолы: ол аспарагинсинтетаза ферменті катализдейтін аспара-
гин синтезі. Аспарагиннің атқаратын қызметі глутамин функция-
сына ұқсас келеді.
3.
Аммиакты байланыстырып, залалсыздандыратын жолдың
тағы біреуі -
α
-кетоглутараттың тотықсызданып, аминдену реак-
циясы. Реакцияны глутаматдегидрогеназа ферменті катализдейді.
(Коферменті НАДН немесе НАДФН).
О +NH
3
H
2
O NH
2
׀׀ ׀
СООН – (СН
2
)
2
– С – СООН CООН – (CH
2
)
2
– CH - COOH
Достарыңызбен бөлісу: