104
-
үлгілік оқу бағдарламасы білім алушының жас ерекшелігіне сай
функционалдық сауаттылығын арттыруға, сыни тұрғыдан
ойлау дағдысын
дамытуға бағытталған. Мысалы: оқылым әрекеті бойынша «Мәтіннің стильдік
ерекшелігін тану» оқу мақсатын жүзеге асыру үшін 5
-
сынып оқушылары ауызекі
сөйлеу және жазба стильдегі мәтіндердің айырмашылықтарын таныса, одан
жоғары сыныптарда әртүрлі стильдегі мәтіндердің тілдік құралдарын
анықтайды. Оқу мақсаттарын жүйелі түрде жүзеге асырудың нәтижесінде
оқушылардың мәтінді талдау дағдысы қалыптасады;
-
грамматика өмірмен байланыстырыла мәтін талдау барысында
оқытылады;
-
грамматикалық
бірліктердің
мәтін
құруға
қатысуда
қандай
функционалдық қызмет атқаратындығын білім алушы өзі жұмыс жасау
барысында анықтап, меңгереді.
Қазақстанның білім жүйесіне 2009 жылдан бастап үш жылда бір рет
өткізіліп отыратын PISA халықаралық зерттеуі кірді. PISA
-
ның негізгі
бағыттарының бірі –
оқу сауаттылығын анықтау. Онда оқу техникасы мен мәтiн
мазмұны ғана емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірде,
практикада қолдана білу қабілеттері бағаланады.
Негізгі орта білім беру деңгейіне арналған «Қазақ тілі»
пәнінің үлгілік оқу
бағдарламасындағы білім мазмұны бойынша оқушы мен мұғалім арасындағы
қарым
-
қатынас субъект
-
субъектілік қарым
-
қатынасқа құрылады. Мұғалім
кеңесші, бағыт беруші, бағыттаушылық қызмет атқарса, оқушы ізденуші,
зерттеуші қызметін атқарады. Сол арқылы алған білімі тиянақты болады. Себебі,
білім алушы өз қолымен, ізденуімен жасаған жұмысын ұмытпайды, өмірде
қолдануға да, басқаға үйретуге де бейім болады. Бұл білім алушыны сыни
тұрғыдан ойланып, әрекет етуіне, функционалдық сауаттылығының
қалыптасуына зор ықпалын тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: