285
дінтанулық тарихи тұрғыда негіздейді. Оның жұмысында Ресейдің
тағдыры
және орыстар мен
орыс мемлекетінің
әлемдегі мәні мен мақсаты
туралы
терең пайымдаулар кездеседі. Орыс философиялық ойының онан арғы дамуы
адамгершілік-практикалық уағыздар дамуы ағымында және әлемдік өркениет
дамуындағы православиелік Русьтің ерекше мақсаты туралы ойды негіздеу
түрінде жүрді.
ИЛЬИН
,
Иван Александрович Ильин
(1883–1954) — орыс
христиан
философы, cоциолог, мемлекеттанушы,
қоғам
қайраткері, жазушы және публицист. Оның көзқарастары XXғ.
консервативтік бағыттағы басқа да орыс интеллектуалдарына
қатты әсер етті, айталық солардың қатарында А.Солженицын
да бар.
Шығармалары:
«Философия
Гегеля как учение о
конкретности Бога и человека», «Учение о человеке», «О
сопротивлении злу силою», «Яд большевизма», «Путь духовного
обновления», «Творческая идея нашего будущего. Об основах духовного
характера», «Наши задачи. Статьи 1948-1954», «О монархии и республике»
және т.б.
КАГАМЕ
,
Алексис Кагаме
— руанди
елінен шыққан қазіргі
заманғы африкалық философияның дамуына көп үлес қосқан
көрнекті ойшыл. Ол – тарихи тақырыптарға арналған
жиырмадан астам кітаптар мен басқа да шығармалар жазды.
Руанди тарихына байланысты жазылған
екі томдық еңбектің
авторы, африка этнофилософиясының көрнекті өкілі.
Достарыңызбен бөлісу: