ИАССАУИ, Қожа Ахмет Иассауи (1094–1167) — қазақ
жерінде дүниеге келген, сопылық-мистикалық ағымның
негізін
қалаушы.
Арыстан-бап
шәкірттерінің
бірі.
Шығармасы: 149 - хикметтен тұратын «
Диуани-Хикмет »
(«
Даналық кітабы ») атты еңбегі бар.
Түркі халықтарының,
соның ішінде қазақтың, байырғы мәдениетінің тарихында
айрықша орыны бар ұлы ақын, философ.
ИКБАЛ ,
Мухаммад Икбал (1877–1938) — қазіргі заманғы
мұсылман елдері философиясының өкілі, үнді-пакистандық
философ-реформатор.
Шығармалары: «Исламдағы діни ойды
қалпына келтіру», «Персиядағы метафизиканың дамуы»
(зорастризмді, оның философиялық, космологиялық ілімдерін
пайымдауға арналған). Жанның мәні туралы Икбалдың айтқан
ойларының мәні зор. Ол жан үш бөлікті модельден тұрады
деп есептейді – ақыл, жүрек және рух. Жүрек танымының ең жоғары құралы
ретіндесаналады, ол ақыл мен рухты байланыстырады.
ИЗОТОВ ,
Мұхтар Зиядаұлы Изотов (1952) — қазіргі заманғы қазақ
философ-ғалымдарының бірі. Философия ғылымының докторы (1994),
профессор (1996), ҚР Әлеуметтік ғылыми академиясының академигі ҚазМУ-
дың физикалық факультетін (1976, қазіргі ҚазҰУ) және аспирантурасын
(1982) бітірген. «Қазіргі ғылымның интеграция мәселелерінің логика-
методологиялық және әлеуметтік-мәдени мәселелері» деген тақырыпта
докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми жұмыстарының негізгі
бағыты – Қазақ Еліндегі халықтың мәдени және рухани бірігуі мәселесін
әлеуметтік-философиялық жағынан талдау, Қазақ ғылымының ежелден
қазіргі кезеңге дейінгі тарихын, т. б. зерттеу проблемалары. Ол 85 ғылыми
жарияланымның, оның ішінде 5-монографияның («Социально-культурные
детерминаты интеграции современной науки», 1993; т. б.) авторы.