ШАЛКИІЗ-ЖЫРАУ,
Шалгез Тіленшіұлы
(1465–1560) —
қазақтың жыраулық поэзиясының атасы. Онда әміршіге
тікелей арнау да, мадақ өлеңдер де, болмыс туралы
философиялық толғаныстар да, өзі туралы ойлар да,
дидактикалық толғаулар да бар. Қазақ ақын-жырауларының
шығармалары, негізінен,
көшпелілер болмысы, атақоныс,
адам, сол кездегі әлеуметтік жағдайларға, батырлық,
көркемдік, адамгершілік өмір мәселелеріне байланысты
.
Дүниеде тұрақты, мәңгілік ештеңе жоқ дейді жырау. Шалкиіз толғауларының
рухы– батырлық, ерлік, өз Отанын сүю, оған шексіз қызмет ету.
ШАН ЯН,
Шан Гунсунь Ян
(б.д.д.390–б.д.д.338) — әйгілі қытай ойшылы,
даосизм және конфуцийшілдік іліміне қайшы келетін философиялық-саяси
Легизм
- ілімінің негізін қалаушылардың бірі. Шан Ян «егер барлық жерде
заңды басшылыққа алатын болса, ел тәртіптен ләззат алады» - деп жазды.
Концепциясы: 1-билеушіге жан-тәнімен берілуге тәрбиелеудің негізі ретінде
жазалау мен марапаттау жүйесін: 2-тектердің рангын беру және қызметке
тағайындау жүйесін қамтиды. «
Халық ақымақ болса – оны басқару
оңай
».
Яғни, халық пен билеуші антагонистік ара қатынаста ғана бола алады. Оның
тезистерінің негізінде мораль, дәстүр, мәдениет адам табиғатымен - оның
пайдаға деген туа біткен құлшынысымен сәйкес емес. Оның ілімі Хань
Фэйдің «басқару өнері» ілімімен ұштасып, императорлық Қытайдың
доктринасына айналды.
ШАРИ-АТИ
,
Али Шари-ати
(1933–1977) — қазіргі
заманғы иран-исламдық философ-ғалымдарының бірі. Оның
еңбектері
– «Марксизм және Батыстағы басқа да шындықтан
ауытқушылық», «Исламдық сын». Басты
мақсаты
– діни-
философиялық
әлеуметтанушылық
тұжырымдаманы
қалыптастыру.
327
Достарыңызбен бөлісу: |