СИНТЕЗ — әртүрлі элементтердің біртұтастыққа бірігу процесі.
СЛАВЯНОФИЛЬДЕР — ХІХғ. орыс қоғамдық ой-пікіріндегі консервативті
саяси және діни-философиялық ағымның өкілдері. Ағым өкілдерінің
пікірінше, Ресейдің Батыс Европамен салыстырғанда өзіндік ерекше даму
жолы бар деп қарастырылады.
Негізін қалаушылар – И.В.Киреевский (1806-
1856), А.С.Хомяков (1804-1860), К.С.Аксаков (1817-1860), Ю.Ф.Самарин
(1819-1876) т.б.
СЛЕНГ —
ауызекі тілдің экспрессивті, эмоционалды реңдегі лексикасы. Бұл
термин «жаргон», «арго» деген сөздердің синонимі ретінде де
пайдаланылады.
СОКРАТҚА ДЕЙІНГІЛЕР — Сократ негізін қалаған философияның
дәстүрін сезінбеген б.д.д.VI-Vғ.ғ. ертедегі грек философтары мен олардың
б.д.д.IVғ. өмір сүрген ізбасарларын белгілеу үшін Батыс Европада жаңа
заманда пайда болған термин.
СПЕКУЛЯТИВТІЛІК (лат. – бақылаймын, аңдаймын) — класскалық неміс
философиясында, әсіресе Г.Гегельде ойлау мен анымның ең жоары түрінің
сипаты.
СОКРАТТЫҚ МЕКТЕПТЕР —
Сократ идеяларының ықпалымен пайда
болған мектептер, философиялық ілімдер: Платон Академиясы, киниктер
мектебі, кирендік (киренаиктер) мектеп, мегарлық мектеп және элидтік-
эритрийлік мектеп.
СТРУКТУРАЛИЗМ — философияның бағыты, оның негізгі міндеті –
әртүрлі
дәуірлер
мен
халықтардың
мәдениетінде
инвариантты
құрылымдарды
анықтау.
Структурализм
тәсілдері
құрылымдық
лингвистиканың тәжірибиесін ескерген. Структурализмнің негізін француз
ғалымы
Клод Леви-Строс қалаған, ол осы тәсілдерді мифті, тілді, «алғашқы
қауымдық» ойлауды зерттеу үшін қолданды. Өкілдері:
Ж.Лакан, М.П.Фуко, Л.Альтюсер және т.б. Бұл философиялық ағымға әлеуметтік нақтылықтың,
адамның ойлау жүйесінің әмбебаптық құрылымдарын (структурасын)
айқындау арқылы жалпы философиялық тұжырымдар жасау және осы
негізде олардың мәнін түсінуге талпыну. XXғ. 40-шы ж. бастап
структурализм ғылыми тәсіл ретінде лингвистикада (тіл туралы ілім),
антропологияда, психологияда, социологияда, кейінгі кезде философиялық
әмбебаптық тәсіл ретінде қолданылып жүр.