377
РЕПРЕЗЕНТАЦИЯ
— постмодернизм классикалық мәдениетті сипаттау
үшін белсенді түрде қолданатын термин. Репрезентацияның мәнісі қайсібір
біріншілік нәрсенің, таңбаланушының (түпнұсқа) өзін екіншілік нәрседе
(көшірмеде) көрсетуіне байланысты. Категориялардың бүкіл жүйесі
репрезентация қағидасына жауап береді – мән құбылыс арқылы, ал ішкі
нәрсе сыртқы нәрсе арқылы көрініс табады және т.б. Постмодерн
жағдайында репрезентация қағидасы жоққа шығарылады, өйткені
симулякрлар (көшірменің көшірмесі) түпнұсқадан ажыратылады және
«тереңдікті» өлшемей, «жазық беттің» үстінде көшіп жүреді, көптеген
байланыс орнатады.
РИЗОМА
—
постмодернистердің ботаникадан алған термині. Ризома (өмір
ағашы
–
бәйтерек, таным ағашы) орталығы бар (тамыры), діңі бар (негізгі
ғылымдар-физикалар) және бұтақтары бар (басқа пәндер) классикалық ағаш
метафорасына қарсы қойылады. Постмодерн мәдениеті осындай ризомаға
ұқсатылады.
РЕНЕССАНС, ҚАЙТА ӨРЛЕУ
немесе
ҚАЙТА ДӘУІРЛЕУ
— Батыс
Европа мәдениетінің, өнерінің, ғылымының даму кезеңі (ХІV–ХVІғ.ғ),
антикалық кезеңдегі идеалдар мен құндылықтарды жаңғырту және
ортағасырлық мұрадан арылу ретінде қалыптасты. Алдымен Италияда пайда
болып, кейіннен Европаның басқа аймақтарына да таралды.
Достарыңызбен бөлісу: