1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


СОФИОЛОГИЯ (софия) — Құдайдың даналығы жайындағы ілімдер  жинағы.  СОФИСТЕР



Pdf көрінісі
бет238/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   260
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde

СОФИОЛОГИЯ
(софия) — Құдайдың даналығы жайындағы ілімдер 
жинағы. 
СОФИСТЕР 
— б.д.д.V-IVғ. бірінші жартысында өмір сүрді. Софистика 
мектебінің өкілдері теориялық мәселелермен ғана емес, сонымен қатар 
педагогика, логика, шешендік өнер, яғни практикалық қызметтер атқарды. 
«Софистер» 
– 
гр. т. ауд. 
«Даналық Ұстаздары»
дегенді білдіреді. Олар 
екі 
топқа бөлінеді:
аға софистер
(б.д.д.Vғ.) 
– 
Протагор, Горгий, Гиппий, 
Продик, Антифонт және Критий. 
Кіші софистер
– Ликофрон, Алкидамант 
және Трассимах. Соттарда, халық жиналыстарында әдемі сөйлеп, халықты 
мүмкін болса, өз қарсыластарын да айтқанына сендіріп, өз жағына тарта білу 
өнері алдыңғы қатарға шығады. Осыған байланысты риторика (әдемі сөйлеу 
өнері) өнеріне ақы алып үйрететін ұстаздар пайда болады. Міне, осылар –
софистер болды. Олардың 
басты қағидасы
– әркімнің өз ақиқаты бар. 
Жақсылық пен жамандықтың обьективті мөлшері жоқ. Кімге не пайдалы 
болса – сол жақсылық, игілік. 


382 
СОФИСТЕРДІҢ АТАҚТЫ СОФИЗМДЕРІ 
— яғни, логикалық әдіс, тәсіл, 
амалдары болды: бір қарағанда дұрыс пікір айтылған сияқты болып көрінеді, 
ал қорытындыда қарсыласты әдейі шатастырып, жалған тұжырымға келу 
әдісі. Софизмдердің тарихи түрлері көп: «Үйінді», «Әке», «Электра», 
«Күшік», «Тақырбас», «Мүйіз» т.б. 
СОФИСТИКА 
— айтыс-тартыста өз қарсыласын жеңу үшін әдейі ақты қара 
деп, қараны ақ деп, ақиқатты жалған, жалғанды ақиқат деп көрсетуге 
жүгінетін 
әдіс
ті айтады. Бұл әдісте ақиқатты тану үшін емес, тек қарсыласын 
айтыста жеңу мақсат етіледі (Ежелгі Грекияда кең таралған). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет