381
атап кеткен. Басты өкілдері:
Зенон, Сенека, Эпиктет,
Марк Аврелий
және
т.б. Стоиктердің пікірінше, әлем – біртұтас дене. Біртұтас денелі әлем
Құдаймен пара-пар деп қарастырады. Оны
өзін жандандыратын тынысы
(пневма) жайылған. Стоиктер Гераклит сияқты әлем оттан жаралады және ол
әлсін-әлсін қайтадан отқа айналады дей отырып, бұл құбылыстың себебі
біртұтас әлемнің өзінің логос заңына бағынғандығында
жатыр жатыр деп
есептеген. Біртұтас әлемге тән қажеттілік заңын стоиктер қоғамдық өмірге де
таратады. Осыдан келіп, олар бостандық және адам өмірінің ең жоғары
мақсаты сияқты мәселелерді өз ілімдерінің өзекті
проблемалары деп санаған.
СОМА
— сома өсімдігінен дайындаған мас етерлік сусын; айдың құдайы.
СОПЫЛЫҚ
—
исламдық мистицизм (мистиктер киетін жүн, жүн киім
сөзінен шыққан) VIIғ. пайда болған. «Сопылық»
мәнін ашатын тағы да
пікірлер бар, мысалы, сопылық – «суффа» сөзінен - тас суфа – дұға оқитын
жоғарғы орын, «тазалық» сөзінен, гректің «даналық» сөзінен және т.б.
Мистикалық ілімде өзін кедейлікпен (факр) және тақуалықпен (зухд)
байланыстырушы құбылыс ретінде көрінеді. Сопылық – Құдайды
мистикалық тұрғыдан тану ілімі.
Атақты сопылар
– әл-Джунайд, әл-
Халладж, ар-Руми, әл-Бистами, әл-Ғазали, ибн Араби, Қ.А.Иассауи.
СОПЫЛЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ
— исламда ХІІІ–ІХғ.ғ. пайда болған
діни–
мистикалық ілім
. Сопылық ілімнің ислам әлемінде кең таралуы Джами, ар-
Руми, әл–Фараби, әл–Ғазали, Хафиз, О.Хайям сияқты исламның классикалық
кезеңінің ойшылдарына байланысты. Сопылық ілім адамды жетілдірудің
жеке–дара діни–мистикалық жүйесі
болғанын, онда эзотерикалық сипат
басым.
Достарыңызбен бөлісу: