Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К


Өндіріс өндіруші үдерістің басқарушылық аймағы



Pdf көрінісі
бет21/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   80
4.3. Өндіріс өндіруші үдерістің басқарушылық аймағы 
ретінде 
Әрбір ұйымға өндіріс профилі, өндіріс масштабы, өндіріс тех-
нологиясы, шикізат көздерінің орны сияқты факторлары ықпал 
ететін өндірістік үдерісті ұйымдастырудың өзіндік сызбасы тән. 
Өндірістік үдеріс (өндіріс) -шығу барысында тұтынуға дай-
ын тауар, өнім, қызметке айналу мақсатымен енгізілген өндіріс 
факторларының құрамдастыруының әдіс, тәсіл, жолдары. 
Экономикалық көзқарас тұрғысынан өндіріс үдерісі ескі 


49
құнның қосылған құнмен байланысы және осы негізде жаңа 
құнның (жаңа тауардың) алынуы: 
Т(Жқ) = Еқ + Ққ, 
мұнда: 
Т(Жқ) - тауар, жаңа құн
Еқ – ескі құн; 
Ққ – қосылған құн. 
Ескі құн бізге дейін біреулер арқылы өндірілген (шикізат, 
жартылай фабрикаттар, электр қуаты және т.б.) барлық фактор-
ларды (ресурстарды) білдіреді. Қосылған құн – бұл негізінен 
өндіріс үдерісінде еңбектің, кәсіпкерлік және басқарушылық 
қабілеттіліктердің заттануының құны.
Табыс көзі ретінде нарық кәсіпкердің ұйымдастырған нә-
тижесін және кәсіпкер үшін тиімді жағдайларда (баға, сапа, сан) 
менеджермен басқарылатын өндірістің нәтижесін тұтына алатын 
кәсіпкердің нарықпен өзара қарым-қатынастың нысанын таба 
білу қабілеті болып табылады. 
Өндірістік үдерісте басқарушылық көзқарас тұрғысынан не-
гізгі үш сипаттама: 
- өндіріс факторларының дайын тауарға айналу сатылығы;
- құрамдастыру әдістері; 
- құрамдастыру дағдылары мен тәсілдері ажыратылады. 
Сатылық ұғымы өндіріс тәртібі мен технологиясын ұстану 
қажеттілігін білдіреді. Менеджер өндіріс технологиясы мен 
тәртібін ұстануға бақылау жүргізуге бейім, себебі бұл талаптар 
мен оларды ұстану өндірілетін тауар сапасына тікелей әсер етеді. 
Сатылық өндіріс үдерісінің өзін құрылымдау қажеттілігін 
білдіреді, яғни оның әрбір сатының функциясын белгілеумен 
және осындай функциялардың жүзеге асыру ұзақтығын 
нормативтерді бекіту арқылы жеке сатыларға бөліп қою. Сатылық 
менеджер үшін өндіріс ырғақтылығын ұстану бақылауды да 
білдіреді. Ырғақтылық ұйымның жұмыс кестесіне сәйкес 
қызметін, өндірісті оның жылдамдығына сәйкес барлық қажетті 
факторлармен үздіксіз жабдықтауды білдіреді. Менеджер әрбір 


50
енгізілетін ресурсқа қатысты норма-күн көрсеткішті білу ке-
рек немесе есептеу тиіс. Норма-күн деп қолданылатын техно-
логиямен анықталатын нормативтер негізінде бір жұмыс күнге 
есептелінген ресурсқа қажет көлемі айтылады. 
Менеджерге бұл орайда өндіріс ырғақтылығы мен өндірістік 
цикл ұзақтығы деген түсініктерді ажырата білу керек. Өндірістік 
цикл ұзақтығы − оларды енгізу сәтінен жаңа тауарға айналу және 
осы жаңа тауардың өндіріс үдерісінен шығу сәтіне дейін өндіріс 
факторларының өндірістік үдерісінде болудың уақыт аралығы. 
Өндірістік цикл ұзақтығы өндіріс технологиясына тәуелді. 
Әрбір тәжірибеден өтуші менеджер өндіріс технологиясы 
бойынша мамандар санатына жатпайды, алайда, әрбір менед-
жер өндірістік үдерісті ұйымдастырудың жалпы сызбасын анық 
білу керек, кері жағдайда көптеген басқарушылық міндеттерді ол 
жеткілікті тиімді шеше алмайтын болады.
Өндіріс факторларын құрамдастыру әдістері өндіріс техно-
логиясының мазмұны болып табылады. Бұл басқарушы үшін 
өндірістік үдеріс және оның ағымына мақсатты бағытталған 
ықпал етуге мүмкіндік беретін өндірістің құрамдастырылатын 
факторларының үйлесімін анықтау қажеттілігін білдіреді.
Үйлесімдерді нақты анықтау өндірісті оңтайландыру негізінде 
жатыр. Табылған үйлесімдер арқылы менеджер шикізаттың, 
электр қуатының, басқа ресурстардың артық шығындарын 
анықтай алады, ал бұл өндірістің ағымдағы шығындарын 
төмендетуге ықпал ете алады. 
Өндіріс факторларының құрамдастырудың дағдылары және 
тәсілдері сондай-ақ өндіріс технологиясымен алдын ала анық-
талады. Өндіріс технологиясын ұғыну және міндетті түрде 
өндірістік үдерісте қолданылуы тиіс дағды-тәсілдерді анықтау 
менеджерге өндіріс үдерісіне пайдаланылатын және тартылатын 
жұмыс күшіне талаптарды тұжырымдауға мүмкіндік береді. Осы 
аспектідегі басқарушылық қызметтің мазмұны технология талап-
тары мен өндірістік үдеріске қатысатын қызметкерлер ие нақты 
дағдылар мен тәсілдер арасындағы үйлеспеушілікті болдырмауға 
алып келеді. 


51


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет