Заголовок



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата14.09.2023
өлшемі250,38 Kb.
#107753
1   2   3   4   5
Байланысты:
Заголовок

Запишите свою
тему или идею
Опишите то, что вы
хотите обсудить.
Опишите то, что вы
хотите обсудить.
Запишите свою
тему или идею
Опишите то, что вы
хотите обсудить.
Опишите то, что вы
хотите обсудить.
САҚТАР
Б. з. б. I-мыңжылдықта
Солтүстік
Үндістанды,Ауғанстанды,
Орта Азияны және
Қазақстанның оңтүстігін
қамтитын кең-байтақ
аумақта жинақтап алғанда
«сақ» деп аталатын көптеген
тайпалар мекендеген.
Сақ тайпасының әртүрлі
атаулары болған. Ежелгі
гректер оларды "азиялық
скифтер", ал парсылар -
"Құдыретті еркектер" деп
атаған.
Сақтардың негізгі
шаруашылығы мал
шаруашылығы болып,
жылқы, қой, түйе, сиыр
өсірген. Олар бұл
малдардың етімен, сүтімен
тамақтанып, терісі мен
жүнін күнделікті тұрмыста
пайдаланған. Табынның
негізі жыл бойы өрісте
жайылып, тебіндеуге
бейімделген, төзімді жылқы
болған. Сақ ақсүйектері
неғұрлым тұрқы биік ат
ұстап, оларды соғыс
жорықтарына пайдаланған. 
Сақтар аң стилін Алдыңғы
Азия мен Иранға жорық
жасаған кезінде қабылдаған.
Бұл өнер б.з.д. 7-6 ғасырда
қалыптасқан. Аң стилі
дегеніміз - түрлі
жануарлардың бейнелерін
ыдыс-аяққа, киімге, тұрмыс
заттарына, түрлі
әшекейлерге, қару-жараққа
салған. Сақтар күнге,
найзағайға, жел-дауылға
табынған. Сақтар
мифологиясында сәйгүлік ат
Күнмен, отпен байланысты
болған.
Сақтардың әлем құрылымы
жағынан үш түсінігі бар.
Олар: аспан әлемі, жер
әлемі және жер астында
әлем бар деп сенген.
Сақтардың түсінігінде
әлемнің төрт бұрышы оң,
сол, артқы және алдыңғы
жағы болған. Сақтардың
ғарыш туралы түсінігі Есік
қорғанынан табылған сақ
ханзадасының бас киімінде
бейнеленген. Бұлар - күн,
қанатты пырақтар және 4
алтын жебенің суреті. Бұл
Құдайдың әлемге билік
жүргізуінің ерекше белгісі
болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет