Заголовок



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата14.09.2023
өлшемі250,38 Kb.
#107753
1   2   3   4   5
Байланысты:
Заголовок

ҮЙСІНДЕР
Үйсін мемлекеті (б.з.д. VIII ғ. — б.з. V ғасырда) — Қазақстанды мекендеген
тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды.
Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндерболатын. Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар көзі
үйсіндер мемлекеті болып есептеледі. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды.
Бұл қалыпты даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік
жоралғыларын және т.б. жатқызуға болады. Сақ дәуірінде болған малға, еңбек құралдарына және тұрмыс
бұйымдарына деген жеке меншік үйсіндерде де кең қанат жайды. Қоғамның билеуші және бағынышты
топтарға бөлінуі мейлінше айқын байқалды. Қоғам — ру ақсүйектері мен тәуелді ұсақ өндірушілер, жартылай
тәуелді құлдарға бөлінді. Жерді жеке иеленумен қатар иерархиялық иелену түрі де дамыды (рулық, тайпалық,
қауымдық). Ежелгі үйсіндерде әлеуметтік-экономикалық қатынастар өтпелі кезеңге тән сипатта болды.
Дамудың мұндай ерекше түрінің болу себебі экономикалық кұрылысқа байланысты. Жартылай көшпелі және
жартылай отырықшы үйсін коғамында өндірістің екі негізгі түрі болды: мал және жер. Мал түріндегі байлықтың
жиналуы, мал-мүлік, жиһазға жеке меншіктің, тауар алмасудың дамуына әкелді. Әйтсе де көшпелі қоғам
ерекшелігіне сай — әлеуметтік қатынастар аса ірі және шағын дәулетті мал иелерінің жеке меншік қатынастары
түрінде дамыды. Рулық құрылыстың ыдырауы барысында туындаған таптық қатынастар құлиеленушілік
сипатқа ие болды.


ҚАҢЛЫЛАР
Қаңлы мемлекеті - Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. айтылады.
Бүгінгі қазақ халын құраған ірі тайпалар қатарында қаңлылардың орны ерекше. Көрші
елдер оларды кезінде "канх" деп атаса, бірде "қан" деп атады. Бұл атаудың шығуын бізге
жеткен аңыздар кәдімгі арба атауымен байланыстырады.
Сырдария, Талас өзендері бойында орналасты. Саны 600 мың адам, 120 мың
әскерімен Орталық Азиядан келген. Астанасы Битян қаласы
болған.Қаңлылардың бір бөлігі көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан.
Келесі бөлігі отырықшы егіншк болған. Қытай деректері олардың жылқы, түйе,
қашыр, есек, сиыр өсіргенін айқындайды. Оларда негізгі малдардың бірі қой
болған.
Қаңлылардың жерінен алтын, асыл тастар, хош иісті шайлар, кілемшелер, қымбат аң
терілері саудаға шығарылған. Қаңлылардың диқаншылықта қолданған кетпен,
қолорақ, қолдиірмен, астық сақтайтын ыдыстары, ұралар мен қамбалар және
астықтарда көптеп табылды.


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.”Қазақстан”:Ұлттық энцеклопедия/Бас редактор Ә.Нысанбаев-Алматы “Қазақстан
энцеклопедиясы” Бас редакциясы,1998.
2.”Қазақстан тарихы”(көне заманнан бүгінге дейін).Бес томдық.1-том.-
Алматы:Атамұра,2010.
3.Sapiens:Адамзаттың қысқаша тарихы-Алматы: “Ұлттық аударма бюросы” қоғамдық
қоры,2018 жыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет