ЯНЬЦАЙ МЕМЛЕКЕТІ
Аландар – біздің заманымыздан бұрынғы 1 мыңжылдықтың соңы мен біздің заманымыздың
алғашқы мыңжылдығының басында қазіргі Батыс Қазақстан және Солтүстік Кавказ
өңірлерінде өмір сүрген көшпелі тайпалар бірлестігі. Арғы тегі сақ-сарматтарға барып
тіреледі.
Алан деген сөз ең алғаш б.з.д. 25 жылғы қытай жылнамаларында кездесті. Онда алан деген
сармат тайпаларының бір атауы ретінде айтылады. Жылнамада Қаңлы мемлекетіне
қарасты Яньцай елі деп аталып, олардың өмір салтының қаңлылармен ұқсастығы сөз
болады.
Каспий мен Арал теңіздерінен Орал жоталарына дейінгі жерлерді мекендеген. 100 мыңға
жуық әскері болған. І-ІІ ғасырлардағы деректерде елдің аты Алания деп өзгереді.
ҒҰНДАР МЕН ҚАҢЛЫЛАР
Ертедегі алуан түрлі жазбаша деректемелерде Қаңлы елінің аты б. з. б. XIV ғасырдан
бастап мәлім болғанымен, Орта Азиядағы б. з. б. IV ғасырдың аяғындағы оқиғаларды
жақсы білетін антик авторлары қаңлыларды тоқталмайды. Сырдария бойындағы
аймақта «Қан үйі» б. з. б. ΙΙΙ, дұрысында,ΙΙ ғасырда көтерілген деп жорамалдауға болады.
Бұл сол кезеңдегі көшпелілер үстемдігінің күшеюінен болған еді. Егер б. з. б. II
ғасырдың екінші жартысында Чжан-Цянь Қаңлы жерлерінің оңтүстігінде юечжиге, ал
солтүстігінде ғұндарға тәуелді екенін айтса, біздің заманымыздағы I ғасырда мұндағы
жағдай өзгереді. Егер Чжан Цянь юечжи әскерін 100-200 мың, ал қаңлы әскерін 90 мың
деп хабарлаған болса, Цань-Хань-Шу енді қаңлы әскерін 120 мың, юечжи әскерін 100
мың дейді14. Бұл кезеңде Орта Азиядағы қос өзен аралығында юечжилердің негізгі
бөлігінің оңтүстікке, сол жағалаудағы Бактрияға ығысуы, жерге отырықшылық орын
алып, жеке-жеке бес иелікке бөлінгенін, мұның өзі қаңлымен салыстырғанда олардың
әлсіреуіне әкеп соқпай қоймағанын, ал қаңлылардың алдынан оңтүстік пен батысқа
экспансия үшін мүмкіндік ашылғанын атап өткен жөн.
|