Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
214
«Изменадан» кейін ер адаммен әрі қарай
өмір сүрудің ережелері:
Иә, бұл
қателіктен кейін бірталай
ережені ұстануыңыз керек, себебі ер адам
бір істеген қателігін әбден қайталауы
мүмкін. Сізге бұны алдын алуға болады,
бірақ еректің ісі үшін толық жауапкершілікті өзіңізге
аламын деп ойламаңыз. Ер адамның санасы, тәрбиесі тек
сізге ғана байланысты бола алмайды. Сонда да, егер
еріңіздің сізге деген сезімі бар болса, бұл ережелер жұмыс
жасап, нәтижесін береді.
1.
Ереже:
Еріңіздің алдында тым артық шапқылап
кетпеңіз.
Сіздің ойыңызша, сіз жаман әйел
болғандықтан еркек көзіңізге шөп салды, бірақ бұл
еркекті күнәдан босатпайды. Мысалы,
бала істеуге
болмайтын нәрсені әдейі біле тұра істесе, сіз өзіңізді
жаман анамын деп ойлайсыз, бірақ сол ісінен кейін
баланы марапаттамайсыз ғой. Әйтпесе балаңыз
шынымен қателік жібергенін түсінбей қалады.
Еркекпен де дәл солай.
Сіз изменадан кейін бірден
«жаным, күнім, сен ең керемет адамсың» деп жылы
сөзіңізді үйіп төксеңіз, еркекте «мәәә, мен көзіне шөп
салсам да, мына қатын асты-үстіме түсіп жүр. Значит
мен кінәлі де емес екенмін ғой» деп ойлайды. Сол
үшін 5-6 ай шамасына еріңізге артық махаббатты
көрсетпеңіз. Артық махабат деген асыра сілтеп
мақтау,
шектен тыс еркелету, шекараңызды өтсе,
рұқсат беру сияқты амалдар.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Достарыңызбен бөлісу: