Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет55/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

Некеден кейін әйел бақыты

 
88 
Ер адамның махаббаты деген тақырыпқа оралайық. 
Тағы бір вариант ол—ер адамның сіздің 
проблемаңызды шеше алатындығы.
Яғни, сіз оған 
проблемаңызды айтсаңыз, ер адам сіздің проблемаңызды 
үнемі шешуге дайын тұрады. Ол қиналмайды. "Өзің біл, 
өзің шеш" деген сөздер айтпайды. Қыз бен жігіт болып 
сөйлесіп жүргенде де дәл осындай ситуациялар туындауы 
мүмкін. Егер жас қыз жігітіне проблема туындағанын 
айтса, көлік айдап келе жатып кішігірім жол апатына түсті 
делік. Басқа бір көліктің артынан соқты. Қыз өзінің 
жігітіне хабарласып, қорқынышын, проблемасын айтады
Егер жігіт келіп, ақшасын төлеп, өзінің таныстарын 
шақырса, онда мен 100% айта аламын, сіз жігіт үшін 
қымбатсыз және ол сіз үшін жауапкершілікті өз мойнына 
алғысы келеді. Ондай жігітке сенім артуға болады. 
Ер адам өзінің сүйікті әйелінен бала туылғанын 
қаласа, онда 100% жақсы көреді деген сөз. Не үшін? Кез 
келген еркек сүйікті әйелінен ғана балалы болғанын 
қалайды екен. 
Ер адам туған күніңізді ұмытып кетсе, жұмыстан 
жарты сағатқа кешіксе, еркелетпесе, күні-бойы жұмыста 
жүріп қоңырау шалмаса, бұның барлығы «еркек мені 
жақсы көрмейді» деген сөзге сай келмейді. Сіз мұндай 
әрекеттерге қарап қорытынды жасай алмайсыз. Себебі, бұл 
ұсақ-түйек еркектің махаббатсыздығынан емес. Ер 
адамдар әртүрлі. Мен сіздің миыңыздан үш сұрақты 
мүлдем өшіріп тастағым келеді. 1.Неге маған қоңырау 
шалмайсың? 2.Қайдасың? 3.Сен мені жақсы көресің бе?


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
89 
Осы 
үш 
сұрақты 
миларыңыздан 
өшіріп 
тастағандарыңызды қалаймын. Не үшін? Себебі, «неге 
маған қоңырау шалмайсың» деген —мен сені жоғалтып 
алуға қорқамын, менен ешқайда кетпеші деген сияқты 
сөздердің синонимі сияқты естіледі. «Сен қайдасың» деген 
сөз біз үшін уайым сөзі болса, ер адам үшін контроль сөз 
екен. Үшінші сұрақты қою арқылы оның сезіміне 
күмәнданғаныңызды білдіресіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет