Некеден кейін әйел бақыты


Келесі қателігіміз—күйеуіне толықтай беріліп



Pdf көрінісі
бет52/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

Келесі қателігіміз—күйеуіне толықтай беріліп 
кету.
 
Ішіне кіріп, бүкіл уақытын, бәрін соған арнау. Әрине 
отбасы болғаннан кейін еркек бірінші орында тұрады. 
Бірақ ол орын қандай? Өмірде ең бірінші орында Алла 
болу керек. Егерде күйеуіңіз ол орынды басатын болса, 
ертеңгі күні қайғыңыз да, қуанышыңыз да, бүкіл көңіл-
күйіңіз тек қана соған байланысты болып қалады. Ал ол 
бізге керек емес. Сіз жеке тұлғасыз. Жеке тұлға деген—
жұмысы, машинасы, карьерасы бар адам емес. Тұлға 
деген—жан дүниесі ешкімге тәуелді емес адам. Ол тек өз 
ойына ғана тәуелді. Біреудің ойына еріп кете беретін адам 
емес. Егерде күйеуге деген махаббатыңыз Алладан да 
артық болып кетсе, Алла тағала сізден оны алып қоя алады. 
Күйеуді алып қояды, немесе күйеудің сізге деген 
махаббатын алып қояды. Мәңгілік махаббатқа тек Алла 
ғана тән. Сол үшін ешбір адамға қатты бауыр басып, бүкіл 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
84 
өміріңізді арнамаңыз. Біз қуанышты кезде Алланы еске 
алмаймыз. Керісінше, сынақ келген кезде Алладан көмек 
сұраймыз. Осы жерден қорытынды жасауға болады. 
Бақытты кезде де дұға етіп, Аллаға шүкір етуіңіз керек. 
Сол кезде ғана сіздің эмоцияналды, моральды 
тәуелділігіңіз ер адамнан артқа шегіне бастайды.
6.
Тағы да бір кішігірім қателік—ер адам көңілсіз 
жағдайда жүрсе, оның жанынан айналшықтап 
шықпай қою.
Ер адам ойлану үшін, өз-өзіне келу үшін оған уақыт 
керек. Оны жалғыз қалдырыңыз. Махаббатыңыздың 
көлемін еркек қалағанынша, сұрағанынша беру керек. Егер 
де ол сізге шаршағанын, сіздің махаббатыңызға тұншығып 
жүргенін сездірсе, оны жайына қалдырыңыз. Оған тек 
қалаған сезімін, қалаған махаббатын беру керек. Артық 
емес, не кем емес. Еркек сізге деген сезімін түсіну үшін 
солай алшақтайды. Егер сіз осы уақытта оған жабыса 
берсеңіз, ол сізге деген махаббатын түсінбейді. Ал егерде 
ол жалғыз қалса, ол ойлана алады. Сіздің жақсы қарым-
қатынасыңызды сағынатын болады! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет