Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет62/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

Некеден кейін әйел бақыты

 
99 
Бұның тек екі шешімі бар: 
1)
Шешім: Өз установкаңа қарсы келмей өмір сүру.
Яғни тек қана өзіңнің ұстанымыңда қатып қалу, және тек 
сол бойынша әрекет ету. «Еркекке ақша беруге болмайды» 
деген ұстаным болса, сол ұстаным бойынша еркекке 
мүлдем ақша бермеу. Нәтижесінде сіз өз-өзіңізге қарсы 
келмейсіз, ауырмайсыз, және өз-өзіңізді жегідей жемейсіз, 
бірақ еріңізбен қарым-қатынасыңыз нашарлауы мүмкін. 
Себебі еріңіз сізден көмек сұрайды, ал сіз көмектесуге бас 
тартасыз. 
2)
Шешім: Өзіңіздің установкаңызды түбегейлі 
өзгерту.
Сонда еріңізбен қарым-қатынасыңыз бұзылмайды, және 
сіз өз-өзіңізге де қарсы шықпайсыз. «Еркекке ақша беруге 
болмайды» деген установкаңызды «еркекке ақша беру 
пайдалы», «ер адамға ақша берсең, ақшаң көбееді», «ақша 
тек қана қағаз» «ақша үшін ұрысу ақымақтық», «неғұрлым 
ақшамен оңай қоштассаң, соғұрлым ақша көп келеді», 
«ақшаны еркекке берсең, араларың жақсарады», «ақша 
деген су», «күйумен қарым-қатынас ақшадан да маңызды», 
«ақша жәй ғана қағаз, ал күйеу-өмірлік серігің» деген 
сияқты установкаларды санаңызда қалыптастыру қажет. 
Яғни ақша жайлы, және ақшаны еркекке беру жайлы 
ойыңызды өзгертесіз. Сонда еріңізге ақша бергенде оны 
жек көріп кетпейсіз, өзіңізге жыныңыз келмейді, өзіңізді 
жегідей жемейсіз, ауырмайсыз. Мен тек ақшамен 
байланысты установканы алып, сізге мысал келтіріп 
жатырмын. Кез-келген басқа ұстанымдарда да осы система 
жұмыс жасайды.


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
100 
Ақшаны неге мысалға келтірдім? Себебі менің өзімде 
осындай ұстаным болды, «ер адам әйелден ақша алмау 
керек», «еркекке ақша берсең, отбасы бұзылады» деген 
ұстаным болды. Сол ұстаным маған үлкен бақытсыздық 
алып келді, мен ақша жайлы ұстанымымды өзгертпегенше 
күйеуіммен 
арамызды 
дұрыстай 
алмай 
жүргенмін. 
Кітапты 
өте 
ашық 
жазып 
жатқандығымнан осы әңгімеммен де бөліскім 
келіп отыр. Бәлкім, бұл әңгімеден де өз 
пайдасын аларсыз. 
Енді үйленген жылы күйеуім де, мен де жұмыс жасап 
бастадық, бірақ менің жұмысым жеңіл, ақшам көп, және ол 
ақша оңай келетін, ал күйеуім түңгі 12 дейін бір отырмай 
ақша табатын, шаршап, ұйқысы келіп, үйге әрең келетін. 
Менің «үйге ақшаны тек еркек жұмсау керек», «әйел 
ақшасын тек өзіне арнау керек» деген сияқты 
ұстанымдарым болды, сол ұстанымдарым үшін үйге не 
тамақ алмайтынмын, не ыдыс алмайтынмын, ал ақшам жәй 
ғана картамда жататын. Үйге заттарды күйеуім алуы керек 
деп күтіп, ал оның ақшасы мен қалаған нәрсеге жетпесе, 
іштей күйінетінмін. Күйініш ертелі кеш ара-қатынасты 
бұза бастайды. «Ер адамға қанша табатыныңды айтпау 
керек» деген ұстанымым болған соң, барынша ақшам жоқ 
сияқты көрініс көрсететінмін. Менің кеңдеу үй жалдағым 
келді (үйіміз үйленген жылы әлі жоқ, жалдап жүрміз), 
бірақ күйеуімнің табысы тамаққа да, киімге де, өз анасына 
беруге де, менің қажеттілігімді өтеуге де, қыдыруға да 
жету керек болған соң, үлкен пәтер жайлы айта да 
алмайтынмын, ал менің табысым ол кезде жетіп тұр, бірақ 
ұстанымдарыма қарсы келмеу үшін тағы үндемеймін. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет