Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
95
Кез-келген әңгіме айтып, сіздің ойыңызды сұрағанда:
-Егер оны бұл істен айнытқыңыз келсе, «ІСТЕМЕ, КЕРЕК
ЕМЕС, ЖАМАН ОЙ» деген сөздерді айтпаңыз. Тек қана
«менің ішім бірдеңе сезіп тұр, жүрегім біртүрлі болып тұр,
менің бұл нәрсеге жаман күмәнім бар» деңіз.
Егер ол
бәрібір соны орындаса және нәтижесіз шықса, келесі жолы
сіздің күмәніңізге құлақ асатын болады.
Егер жай ойыңызды қосқыңыз келсе:
Сөзіңізді «меніңше» деп бастап, ұсынысыңызды
айтыңыз. Әңгіменің соңын мынадай сөздермен аяқтаңыз:
«Бірақ сен өзің осы жайлы жақсырақ білесің ғой», «өзің
қалай
дұрыс деп ойлайсың, сол мен үшін де дұрыс
болады».
Егер қателесіп қалса, сіз айтқандай істемесе:
«АЙТТЫМ ҒОЙ», «БӘСЕ, БІЛІП ЕДІМ», «КЕЛЕСІ
ЖОЛЫ ТЫҢДАУ КЕРЕК МЕНІ» деген сөздерді
айтпаймыз.
Түк болмағандай кейіп танытамыз, еркек ақымақ емес,
түсінеді өзі. Ол өзі де «сені тыңдауым керек еді» деуі
мүмкін, тіпті демесе де іштей ойы болады.
Бізге керегі
оның айтқаны емес, осы қателіктен сабақ алғаны.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
Достарыңызбен бөлісу: