Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет83/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

Некеден кейін әйел бақыты

 
133 
қыздармен сөйлесетінін білмей тұрып, күйеуіне көзсіз 
сенетін еді, жақсы көретін еді. Негізі ер адам әйел адамның 
жанындағы күйін жақсы көреді. Әйелдің өзіне қарағанда, 
еркек өзін сол әйелмен қалай сезінеді, соған көп мән 
береді. Бұл қалай? Бұл қабілетке көңілдестерден үйрену 
керек.
Көңілдестестер өздеріне келген әр еркектің құлағына 
әдемі сөздерді құяды. «Сен керемет мықты ер азаматсың. 
Сендей адамды әлі жолықтырған жоқпын. Сен келсең 
менің көңіл-күйім бұрынғыдан да көтеріліп кетеді, саған 
шын жүрекпен сенемін, сен ғана мені бақытты ете аласың» 
деген сияқты сөздерді үйеді.
Үйленген еркектер көңілдесті жақсы көреді деп 
ойлайсыз ба? Жоқ, әрине. Ол көңілдестің жанындағы 
өзінің күйін (состояниесін) жақсы көреді.
Сіз де бұрын оған жылы сөздер, оған жағымды 
болатын сөздерді айтатынсыз. Ол сіздің жаныңыздағы 
өзінің күйін жақсы көретін. Сіздің сеніміңізге сызат 
түсірмеуге тырысатын. Сеніміңізден айырылып қалуға 
қорқатын. Енді сіз оған «Мен саған сендім» деп өткен 
шақта айтып тұрсыз. Ауыр сөздер айттыңыз. Ол сіздің енді 
өзіне сенбейтінін түсінді. Енді бұрынғы «идеальный ер 
азамат» кейпін сақтау керек емес. Өзіне сенбейтін, 
төмендететін, кемсітетін, айқай шығаратын әйелдің 
жанында болғысы келмейді. Ол сіздің жаныңызда өзін 
«ерекше, адал, таза, мықты азамат» сезінбейді. Еркек өзін 
олай сезінбесе, сол дәрежені қайтаруға тырысудың орнына 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
134 
жеңіл жолды іздеп кетеді. Енді мысалдағы кейіпкердің 
қателігін түсіндіңіз бе? 
Еркек үшін әрдайым өзінің мінсіз, ерекше, ең 
мықты, керемет екенін біліп отыру маңызды. Соны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет