Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
142
Неге әйел адамның самооценкасы
төмен болады?
Көп әйелдер еркекке тек фигура мен денесі,
түрі ғана керек деп есептейді. Төсек үшін ғана
көзге шөп салады деп ойлайды. Ал
еркекке
төсектен де маңызды дүние бар, ол әйелдің жан
дүниесі, әйелдің өз өзін қабылдауы, әйелдің
толыққандығы. Әрине, еркек сұлулыққа да
қарайды. Тек қана жан дүниесі маңызды деген
өтірік әңгіме. Бірақ сұлулықтың артынан даналық пен бай
жан дүниесін көрмесе, еркек тез жалығады.
Ондай әйел
еркек үшін тек бір күндік болып қалады. Байқасаңыз,
кейбір әйелдер «неге менімен сөйлескен ер адамдар 1-2
айдан кейін қатынасты үзіп жібереді» деп таң қалады.
Мәселе осыда, сырты әдемі тәтті кәмпитті жеп көргісі
келеді, сыртына қарап қызығады, бірақ дәмін көрген соң
тым тәтті немесе
тым ащы екенін байқап, жүрегі айнып,
екінші рет оған жақындамайды. Әйелдің еркекке қызықты
болуы оның фигурасына емес, оның әйелдік қылығына
байланысты.
Сыртыңызбен қаратып алып, баурап алып,
бірақ ер адаммен сөйлескенде өзіңізді қалай ұстау керегін,
қандай ережені ұстану керегін білмесеңіз,
ертелі кеш өз
энергияңызды жоғалтып, кез-келген еркекті алшақтатып
аласыз.
Еркек өзінің әйелі туралы былай ойлайды: «Мен
әйелімді өте жақсы білемін. Оның хоббиі қандай, қолынан
не келеді, не келмейді, әбден жаттап алғам». Ал дана әйел
ең алғаш үйленген сәтінде өзін қалай танытқан күйінде
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Достарыңызбен бөлісу: