Некеден кейін әйел бақыты


күнделікті айтып, сездіріп тұру керек. Ол бұрын сіз



Pdf көрінісі
бет84/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

күнделікті айтып, сездіріп тұру керек. Ол бұрын сіз 
ғашық болғандай әлі де керемет, ең мықты еркек, оның 
орнын ешкім баса алмайды, күйеуіңізден артық ешкім 
жоқ, сіз оның жанында өзіңізді қауіпсіздікте, 
қамқорлықта сезінетініңізді білуі керек.
Ал егер сіз оған «менің сенен көңілім қалды, 
кешірмеймін» деп айтсаңыз, еркек «болды, бітті, мен ол 
үшін жаманмын, оның сенімін қайтарып ала алмаймын, 
шынайы бет-бейнемді көрсете берсем болады» деп 
ойлайды. Одан кейін бұрынғы күйеуіңізді таппай қаласыз. 
Күйеуіңіз одан сайын жексұрын болып кетеді. Басқа әйел 
іздейтін болады. Бұрынғыдай өзін идеал, керемет, мықты 
сезіндіретін әйелді іздейді.
Себебі жаңа әйелдер еркекті мақтайды, аялайды, оның 
минустарын білмейді. Бұрынғы әйелі сияқты оны жаман 
деп есептемейді. Ал еркекке сол қажет.
 
 
 
 
 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
135 
Ер адамның сеніміне кіру жолдары 
Күйеуіңізбен немесе жігітіңізбен ашылып, 
жақын болып, көңілін тауып, бауырмал 
болғыңыз келетін кездер болады. Алайда 
сіздің күйеуіңіз немесе жігітіңіз басқа 
адамдарға сырын айтады да, сізге ашылып 
ішіндегісін білдіргісі келмейді. Әңгімеден 
қашады немесе телефонына кіріп кетеді. Бір 
сөзбен айтқанда сізге толық сенім артпайды. 
Әйел адамдардың ең жақыны ата-анамыз, бала-шағамыз 
емес, біздің күйеуіміз. Күйеуіңмен отырып, пікір алмасып, 
болашақтағы мақсатпен бөлісіп, күшті бір раппорт 
орнатқың келеді. Неге кей ер адамдар бізге сол мүмкіндікті 
бермейді? Неге біздің ер адамдарымыз бізден қашады? 
Бірден өзіңізді кінәлауға асықпаңыз. Ер адамдардың көбісі 
ашыла алмайды. Себебі, "детская травма" болуы мүмкін. 
Оның пікірін сұрамаған шығар, сезімін ешкім ақтарып 
қалауын сұрамаған. Ішінде жиналып қалған әңгімелерді 
біреумен бөлісу деген қажеттілік жоқ. Сол себепті сізге 
ішіндегісін ақтармайды. Ал, әйел адамдардың табиғатында 
ішіндегісін ақтару бар. Біз кез-келген адамға ішіміздегіні 
айта береміз. Жанымызда отырған адамға біз 5 минуттың 
ішінде сеніп қаламыз. Қанша айлық алатынымызға дейін 
айтып береміз. Бұл әйел адамның табиғаты. Біздің ер 
адамдардан айырмашылығымыз осы.
Ер адамдардың біреуге сенім артуы қиын. Мен 
сіздермен құпия техникаммен бөліскім келіп тұр. Күніне 
бір рет осы техниканы қолданып жүріңіздер. Бір айдың 
ішінде қалай күйеуіңіз жұмыстағы мәселелерін, досымен 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет