Abai Kazakh national pedagogical university хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы, Серия «Специальная педагогика»



Pdf көрінісі
бет140/158
Дата14.09.2023
өлшемі3,17 Mb.
#107909
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   158
Байланысты:
file20210419041824

Keywords:
speech readiness, the formation of speech, form of speech 
 
Есту қабілеті зақымдалған балалардың мектепте оқуға дайындығын қалыптастыру мәселесі 
бүгінг таңда өзекті мәселелердің бірі саналады. Осыған орай оны жетілдіру мен тиімді жолдарын 
қалыптастыру бойынша зерттеу жұмыстары бүгінгі таңға дейін өз өзектілін жоя қоймады.
Сурдопедагогикада дифференциальды оқыту қағидасы балалардың сөйле тілінің даму деңгейіне 
орай мектепте оқуға сөйлеу тілінің даярлығын диагностикалаудың негізгі жолы саналады. Нашар 
еститін және естімейтін балалардың сөйлеу тілінің дамуын талдау сөздік қорының көлемін, 
импрессивті және эксперессивті сөйлеу тілін, байланыстырып сөйлеу тілі дағдыларын меңгеруін 
анықтауды қарастырады.
Есту қабілеті зақымдалған балалардың ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру әдістемелері
Э.И. Леонгард, Н.Д. Шматко, Т.В. Пелымская т.с.с ғалымдардың еңбектерінде көрсетілген. Отандық 
зерттеушілер тарапынан Аутаева А.Н., Махметова А.А., Бутабаева Л.А. т.с.с. ғалымдар тарапынан 
қарастырылып, оның басты ерекшелігі қазақ тілді есту қабілеті зақымдалған балалардың ауызша 
сөйлеу тілін қалыптастыру мәселесіне арналды. 
Н.А. Морева бойынша, аталмыш балалардың байланыстырып сөйлеу тілін меңгеру дәрежесі мен 
сөздік қорының көлемін анықтауды қарастырады.
М.К. Шеремет мектепте оқуға даярлық дәрежесі бойынша төрт деңгейді және нашар еститін 
балаларды төрт топқа бөліп қарастыруды ұсынып, ал ондағы басты көрсеткіштер ретінде сөйлеу 
тілінің даму деңгейі деген (сөздік қорының көлемі, байланыстырып сөйлеу тілі дағдылары, сөздің 
дыбыстық буындық құрылымын меңгеруі).
Кей авторлар балалардың мектепте оқуға сөйлеу тілінің дайындығы ретінде байланыстырып 
сөйлеу тілі деңгейі мен контекстілік сөйлеу тіліндегі сөздердің мағынасын түсінуі деген.
Есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілін дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру 
сызықтық баспалдақтық сипатқа ие.


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №1(64), 2021 г. 
143 
Бір жағынан есту қабілеті зақымдалған балаларға ұсынылатын сөйлеу тілдік материал тереңдігі 
мен дәлдәгі жағынан арнайы бейімделеген болса, ал екінші жағынан педагог ұсынылатын материал-
дың баланың жасы мен мүмкіндігіне қаншалықты келетіндігін көре білуі қажет.
Есту қабілеті зақымдалған балалар мектеп жасына дейінгі балабақшаларда басым жағдайда білім 
алып, онда сөйлеу тілін дамыту бойынша жұмыстар шартты түрде бөлінген үш кезеңді қамтиды:
Бірінші кезең 1.5 жас – 2-4 жас аралығы; бұл топқа кіші мектеп жасына дейінгі балалар тобы 
кіреді. 
Екінші кезең 4 пен 6 жас аралығы. 
Бұл топты орта және ересек топ балалары құрайды. 
Үшінші кезең 6-7 жас аралығы. Бұл кезең негізінен балаларды мектепке дайындау кезеңін 
қамтиды. Кезеңдер бір бірінен бірнеше параметрлері бойынша ажыратылады. Ең алдымен, бұл 
балалардың жас ерекшелігі мен жетекші іс-әрекетіне байланысты.
Аталған кезеңдерді ажыратуға мүмкіндік беретін екінші сәт, ол әр кезең басындағы арнайы оқу 
мерзімдері болып саналады. Арнайы оқыту жағдайындағы балалардың балабақшада болу «өтілімі, 
мерзімі» балаланың сөйлеу тілінің дамуына тікелей әсері бар. Түзетушілік педагогикалық ықпал 
етудің үздіксіздігі баланың сөйлеу тілінің қалыптасып, дамуына әсер етеді. Балалар тарапына сөйлеу 
тілдік материалды қабылдау мен есте сақтау жылдамдығы өзгереді. Тілдік бірліктерді жағанық 
қабылдаудан аналитикалық тұрғыда қабылдауға жақындай бастайды. Тілді меңгеру нәтижесінің 
жоғарлауына орай балалардың сөздік сөйлеу тіліне қызығушылықтары артып, баланың даму 
үрдісінің психологиялық мазмұны жоғарлай бастайды. Бір баспалдақтан екінші баспалдаққа өтуі 
жақын аймағынан өзекті аймағына өтумен үйлеседі. 
Оқыту кезеңдеріне ықпал ететін тағы бір фактор ол тілдік өзіндік жүйесінің ерекшелігі, оларды 
сөйлеу тілдік дамыу үрдісінде оларды меңгеру заңдылықтарына ықпалы болып келеді. Бұнда мәселе 
бірліктердің түрлі деңгейлері арасындағы қатынастар мен синтагматикалық және парадигматикалық 
байланыстар дың болуы туралы. Тілдік жүйенің снтагматикалық байланыстары (сөздегі фонемалар 
арасындағы, сөйлемдегі сөздер арасындағы сызықтық байланыстар) ең алдымен баланың сөйлеу 
тілінде практикалық қолдану ретінде болады. Олар шынайы сөйлей тілдік ағымда меңгеріледі. 
Қалыпты еститін балалар қоршған ортадағы адамдардың сөйлеу тілін дайын түрде меңгере отырып, 
ешқандай грамматикалық ережелер мен анықтамаларды білместен сөйлемдегі сөздердің байланыс-
тарын меңгереді. Есту қабілеті зақымдалған балаларда бұл үрдіс басқаша жүреді. 
Есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілін дамытудың арнайы әдістемесінде бірінші екі 
кезеңде тілдік материалдар тілдің синтагматикалық жүйесінің қатынастарын меңгеруге, яғни 
пайымдаудың бүтін бірліктерін меңгеруге арналады.
Тілдік материалдың сандық өсуіне орай балалардың назарын парадигматикалық қатынастарды 
меңгеруге аудару басталады. Бұл сөздердің мағынасын нақтылау тәсілі ретінде болады.
Егер, есту қабілеті зақымдалған балалар арнайы мектепке дейінгі оқыту жүйесіне салыстырмалы 
түрде кеш қабылданса, сөйлеу тіліне оқытудың өзіндік кезеңдері қарастырылады. Ең бастысы, 
мектепке дейінгі даярлаудың шынайы мерзіммі және баланың сөйлеу тілі мен жалпы даму деңгейі 
қандай болмасын ол өзінің жастық тобында болуы қажет. Яғни, егер бес жастағы бала оқымаған 
болса, он үш жастағы балалармен бірге оқытпау керек.
Осы жағдайда оқытудың кезеңдік тактикасы қолданылады. Тіпті екіжылдық мерзім бірнеше 
кезеңге бөлініп, шартты түрде үш кеезңді қамтуы мүмкін.
Бірінші кеезң жарты жылды қамтып, диагностикалық кезеңді құрайды. Бұл кеезңде баланың 
сөйлеу тілінің, жалпы даму барысы тіркеліп, сөйлеу тідік материалдар балаға қолжетімді барлық 
формада ұсынылады (дактиль, ауызша, жазбаша). Балаға баспа әріптері бар кестеге сүйене отырып, 
ауызша сөйлеу тілі формасын, кейін ауызша дактильді түрде, кейін ауызша айту жұмысы жүргізіледі.
Екінші кезең шамамаен бір жылды қамтып, барлық бағдарламалық сөйлеу тілдік материалды 
қайта өңдеу жұмысы жүргізіліп, сөйлеу тілдік материалда негізгі орталық орынды ауызша сөйлеу 
тілі алады.
Қорытынды үшінші кезеңде балаларды мектепке жоспарлы түрде дайындау жұмысы жүргізіліп, 
басты акцент баланың байланыстырып сөйлеу тіліне арналады. 
Есту қабілеті зақымдалған балаларды мектепте оқуға даярлауда ауызша сөйлеу тілінің рөлі өте зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет