Abai Kazakh national pedagogical university хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы, Серия «Специальная педагогика»


THE POSSIBILITY OF USING PROJECT ACTIVITIES IN THE FORMATION OF DIALOGIC



Pdf көрінісі
бет136/158
Дата14.09.2023
өлшемі3,17 Mb.
#107909
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   158
Байланысты:
file20210419041824

THE POSSIBILITY OF USING PROJECT ACTIVITIES IN THE FORMATION OF DIALOGIC 
SPEECH IN PRIMARY SCHOOL CHILDREN WITH HEARING
IMPAIRMENTS
 
Abstract 
The education of children with hearing impairment provides for the comprehensive development of 
children's speech. Speech is a subject of learning, so we use the term "speech development". As you know, 
speech is divided into internal and external. Inner speech is the mental speech of a person addressed to 
himself. External speech is speech addressed to others, and external speech can be dialogical and 
monologue-like. Hearing disorders in children create problems in communication, the development of 
cognitive activity of the child. In this regard, the most important task of a special school is the development 
of coherent speech of students as a means of communication and development of thinking. The use of 
project activities in the process of teaching children with hearing impairments contributes to the development 
of their speech capabilities, dialogic. The article discusses the possibilities of using project methods in the 
formation of dialogic speech in primary school children with hearing impairments 
Keywords: 
dialogic speech, projective activities, children with hearing impairments 
Білім беру сферасында қарым-қатынас ол білім беру үрдісіндегі қатысушылар арасындағы 
коммуникация мен таным құралы ретінде танылады. Білім беру кеңістігінде коммуникацияның 
барлы формаларының қолдану аясының дамуы, оқытылатын ақпарат көздерінің көлемінің ұлғаюы 
білім алушылардың коммуникативті мәдениетін дамытуға деген бірқатар талаптар қоюда. Біз 
білетіндей, сөйлеу тілінің адам өмірінде алатын рөлі ерекше. Ол қарым-қатынас құралы ғана емес, 
сонымен қатар қоршаған ортаны таным, әлеуметтенудің маңызды құралы. Дегенімен, есту қабілеті 
зақымдалған балаларда есту қабілетінің зақымдалуы осы шынайы, табиғи үрдісті меңгеруін тежеп, 
балалардың сөйлеу тілінің дамуында белгілі қиындықтар туғызады. Есту қабілеті зақымдалған 
балаларда коммуникативті дағдылардың минимальды деңгейі олардың өзге адамдармен қарым-
қатынас жасауына, әлеуметтік ортаға бейімделуіне, ақпарат алмасуына белгілі кедергілерін 
келтіретіндігі белгілі.
 
Қарым-қатынас есту қабілеті зақымдалған балалардың тұлғасының қалыптасуы мен дамуында 
үлкен рөлді атқарып, балалардың психологиялық дамуының маңызды факторы саналады. Қарым- 
қатынас арқылы білімдермен, қабілеттермен, дағдылармен, тәсілдермен, іс-әрекет нәтижелерімен 
алмасу жүріп, балалардың жеке тәжірибесі кеңейтіледі.
Қарым-қатынасқа талпыныс сондықтан адам баласының іс-әрекет мотивтері арасында маңызды 
орынды алып, бірікке практикалық іс-әрекетке жетелдейді.
Ауызша сөйлеу тілінің есту қабілеті зақымдалған балалар үшін маңыздылығы қаншалықты 
екендігін біле отырып, сурдопедагогтар ауызша сөйлеу тілін қалыптастырып, дамытуда бірқатар 
тиімді әдістерді қолдану мүмкіндіктерін қарастырады.
Сурдопедагогикада есту қабілеті зақымдалған балалардың ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру 
аталмыш балалардың тұлғасының толыққанды дамытудың жетекші факторы деп бірқатар ғалымдар да 
анықтаған Ф.Ф. Рау, Н.Ф. Слезина, И.Г. Багрова, В.И. Бельтюков, К.А. Волкова, С.А. Зыков,
Т.С. Зыкова, Е.П. Кузьмичева, Э.И. Леонгард, Л.П. Носкова, Т.В. Пелымская, Н.И. Щелгунова,
Н.Д. Шматко, Е.З. Яхнина, т.б. ғалымдардың пайымдауынша ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру, 
дамыту есту қабілеті зақымдалған балалардың болашағына да тікелей әсер етеді. Себебі, ол өз кезегін-
де болашақта мамандық таңдап, белгілі әлеуметтік статусқа ие болып, өмірде өз орнын табу үшін де 
қажет. Сурдопедагогиканың ғылым мен тәжірибе ретінде дамуы, техникалық прогесс есту қабілеті 
зақымдалған балаларды ауызша сөйлеу тіліне оқыту жүйесін жетілдіру үшін жағдай туғызады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет