Abai Kazakh national pedagogical university хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы, Серия «Специальная педагогика»



Pdf көрінісі
бет145/158
Дата14.09.2023
өлшемі3,17 Mb.
#107909
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   158
Байланысты:
file20210419041824

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №1(64), 2021 г. 
149 
деп, диалогтық формадағы сөйлеу тілдік қатынас ол белгілі сөйлеу тілдік құрылым, тілдің оның 
спецификалық құралдарында нақты айналымы деген.
«Диалог», «диалогтық сөйлеу тілі» түсініктері синоним ретінде қолданылғанымен, «диалогтық 
қарым қатынас», «коммуникацияның диалогтық үрдісі» деген терминдер де кездесіп жатады. Диалог 
түсінігін «қатынас», «коммуникация» тұрғысынан қарау біздің ойымызша дұрыс, себебі, ол қарым 
қатнастың бір формасы ретінде саналады.
Арнайы педагогикада А.А. Леонтьев, А.Р. Лурия, А.Н. Гвоздев, Д.Б. Эльконин, Н.И. Жинкин 
т.с.с ғалымдар диалогтық сөйлеу тілінің ерекшеліктерін зерттеу негізін қаласа, ал А.Г. Зикеев,
С.А. Зыков, В.Н. Нестерович, Е.Е. Вишневская т.с.с ғалымдар есту қабілеті зақымдалған балалардың 
диалогтық сөйлеу тілін зерттеудің іргетасын қалаған.
Т.В. Богуцкой, Ю.В. Брейтова, А.В. Грищенко, И.М. Дудкова, Е.В. Дундукова, А.И. Коваленко, 
О.В. Колесова, А.С. Люкина, Л.А. Мзокова, М.А. Терешкова, Н.Н. Шумилина т.с.с ғалымдардың 
еңбектерінде есту қабілеті зақымдалған балаларды тұлғалық және психфизикалық дамытуда сөйлеу 
тілдік іс-әрекеттің ролі айқындалып көрсетілген. Есту қабілеті зақымдалған балаларды тілге оқыту
балалардың сөйлеу тілдік іс-әрекетінің өзге іс-әрекеттермен тығыз байланыста болуын қарастырады.
Оқытудың түрлі әдістері мен тәсілдерін қолдану оқушыларды қызықтырып, оны әлеуметтік 
маңызды және қолжетімдірек ете түседі. Тұлғалық бейімдеушілік оқыту, ұжымдық оқыту, деңгейлік 
дифференциация, оқытудың ұжымдық тәсілдері, жобалық әдістер белгілі дәрежеде оқу мотивация-
сының мәселесін шешіп, ұжымда шығармашылық аммосфераны туындатып, балалардың сөйлеу 
тілін дамытып, белсендіруге ықпалын тигізеді.
Біз білетіндей, есту қабілеті зақымдалған балалармен түзетушілік педагогикалық жұмыстың 
басты міндеттерінің бірі олардың коммуниативті іс-әрекетін дамыту. Оқу үрдісінде жобалық іс-
әрекетті қолдану балалардың сөйлеу тілдік мүмкіндіктерін дамытып, диалогтық және монологтық 
сөйлеу тілін, талдау мен жинақтауын дамытуға да тікелей ықпалын тигізеді.
О.И. Васильева, Е.В. Григорьева, Л.И. Иванова, С.В. Ильюшина, Г.А. Киреева,
О.А. Красильникова, В.В. Храмко сияқты ғалымдар жобалық шараларды есту қабілеті зақымдалған 
балалардың сөйлеу тілін дамытуда қолдану мүмкіндіктерін қарастырса, ал оның диалогтық сөйлеу 
тілін дамытуда мүмкіндіктері әлі де толыққандызертелеуді талап етеді.
Жобалық іс-әрекеттер мен шаралар балалар үшін қандай мүмкіндіктер береді? Ең алдымен, 
баалларды жаңашылдыққа, жаңаны меңгеруге, шешім қабылдап, өзге адамдарға көмектесуге, 
қызығушылықтарын құрылымдап, мүмкіндіктерді игеруге, ең маңыздысы балалардың сөйлеу тілін, 
соның ішінде диалогтық сөйлеу тілін қалыптастыруға, дамытуға ықпал етеді. Жобаны әзірлеу 
барысында есту қабілеті зақымдалған балаларда коммуникативтілік, ұжымда жұмыс жасау қабілеті, 
біріккен жұмысқа жауапкершілік алу қабілеттері дамиды. Іс-әрекеттің көрінетін нәтижесі балаларға 
қуаныш сыйлап, өз күштеріне сену мен өзін өзі бағалауын дамыта түседі.
Есту қабілеті зақымдалған балалардың жобалық іс-шараларды жүзеге асырудағы басты қиын-
дықтарының брі ақпарат көздерімен жұмыс жасай алуы. Жобалық іс-шаралар балаларға келесі 
мүмкіндіктерді береді: 
- нақты аймақта түсініктерді түсуну мен қолдану; 
- ақпарат көздері, соның ішінде ақпараттық әдебиеттерді, зерттеу әдістерін таңдау мен қолдану; 
- үрдісті түсінуі, қабілеттерді қолдануды жоспарлау, уақытты жоспарлау; 
- тапсырманы орындау қабілеті, әрекетті құрылымдап, іске асыру; 
- құралдарды қолдану; 
- презентациялық қабілеттер; 
- сөйлеу тілі мен өзге танымдық үрдістерін дамыту, белсендіру т.с.с 
Сонымен, есту қабілеті зақымдалған балалардың диалогтық сөйлеу тілін қалыптастыруда 
жобалық іс-шараларды қолдану мүмкіндіктері қай жағынан қарастырсақ та тиімді екендігі аңғарыл-
ды. Себебі, ол балалардың танымдық іс-әрекеттерін белсендіріп қана қоймай, ұжымда бірге әрекет 
етуге, диалогтық қатынасқа түсуге белгілі жағдайларды туғызады екен.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Грищенко А.В. Изучение состояния диалогической речи детей с нарушением слуха /
А.В. Грищенко // Вестник Витебского государственного университета. 2011. Т. 6. № 66. – С. 85-88. 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Арнайы педагогика» сериясы №1(64),2021 ж. 
150 
2.
 
Васильева О.И. Проектная деятельность обучающихся, воспитанников с нарушениями слуха 
в рамках реализации регионального компонента / О.И. Васильева // Азбука образовательного 
пространства. 2018. № 1 (2). – С. 36-39. 
3.
 
Григорьева Е.В. Проектная деятельность в начальной школе для детей с нарушением слуха / 
Е.В. Григорьева // Наука и образование: новое время. 2014. № 2 (2). – С. 196-201. 
4.
 
Дундукова Е.В. Особенности развития коммуникативных навыков у младших школьников с 
кохлеарнымиимплантами / Е.В. Дундукова // Инновационные технологии в науке и образовании 
сборник статей II Международной научно-практической конференции / под общей редакцией
Г.Ю. Гуляева. Пенза: Наука и Просвещение, 2017. – С. 266-268. 
5.
 
Иванова Л.И. Некоторые подходы по организации проектной деятельности для детей с 
нарушением слуха / Л.И. Иванова // Научный электронный журнал Меридиан. 2018. № 2 (13). –
С. 115-117. 
6.
 
Коваленко А.И. Развитие коммуникативных навыков учащихся / А.И. Коваленко,
М.М. Панасенкова // Педагогическое мастерство и педагогические технологии. 2015. № 2 (июнь). – 
С. 316-318. 
 
УДК 376 
Л.У. Асылбекова
1
,
 
К.К. Канагатова
2
 
1
ғылыми жетекшісі, психол.ғ.к., профессор, 
LeiLa_as@mail.ru
 
2
«7М01902– Дефектология» мамандығының 2 курс магистранты,
1, 2
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 
karlygash kanagatova@gmail.com
 
Алматы қ., Қазақстан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет