Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет116/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

2-
топтың мәтіні 
Ақын жайнаған жаздың әдемі көркін осылай суреттесе, сол сұлу сурет 
өзгеріп, гүл, жапырақ солып, түсі қашқан күздің суық кескінін: 
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, 
Күз болса, дымқыл тұман жерді басқан. 
Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма? 
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан. 
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай, 
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай. 
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, 
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай, - деп, күз түсумен бірге бәйшешек солып, 
ағаштардың сидиып, жапырағынан айрылғанын, ерке жазда мәз-мейрам болып 
келген жастардың, асыр салып ойнаған балалардың көрінбейтіндігін, қысқасы, 
көңілсіз күздің бейнесін тамаша түрде елестетеді. 
«Күз» өлеңінде шөп қуарып, күн салқындап, көңілсіз кездің келу суретін 
бұлжытпай берумен қатар, мал баққан көшпелі, шала көшпелі ел үшін күздің 
жағдайсыз кезең екендігін айқындайды. 
Кемпір, шал құржаң қағып, бала бүрсең, 
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең, - дейді. Жалғыз бұл ғана емес, қай жерін оқысаң 
да, көзіңе күзгі кедей ауылдың көңілсіз сүреңі елестейді. 
Табиғатты оқиғамен байланыстыра суреттеу халық ауыз әдебиетінде де 
болды. Бірақ қазақ әдебиетінде табиғаттың өзін жеке тақырып етіп алып, Батыстың 
классик ақындарының үлгісімен суреттеу Алтынсарин мен Абайдан басталады. 
Әсіресе оны жоғарғы сатыға көтерген - Абай. 
3-
топтың мәтіні 
Абай қыстың кескінін де аса шеберлікпен суреттейді. Үскірік бораны 
бұрқырап тұрған қысты рақымсыз адам бейнесіне ұқсатады. Қыстың малға да 
жағдайсыз соқыр, мылқау күш екендігін аңғартады. 
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, 
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. 
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, 
Басқан жері сықырлап келіп қалды. 
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, 
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. 


144 
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, 
Аязбенен қызарып ажарланды. 
Абай жылдың қай мезгілін суреттесе де, ең алдымен оның шындық бейнесін 
береді. Жоғарғы үзіндіде келтірген өлеңдердің қайсысын оқысақ та, сол кездің 
суреті көз алдыңда тұрады. «Қылышын сүйреткен қыс», «Масатыдай құлпырған 
жаз» өз кескінімен көрінеді. Жылдың төрт мезгіліндегі табиғаттың өз әдемілігінің 
мына жері кем қалыпты деп ешкім таласа алмастай етіп суреттелінеді. 
Абай «Қыс» деген өлеңінде қысты адам бейнесінде суреттеп береді. Бұрын 
қысты бұлай суреттеу болмаған-ды. Абай оны қазақтың ұғымына сай «кәрі құдаң - 
қыс келіп, әлек салды» деген тәрізді байырғы сөздер арқылы образдар жасайды. 
Қысты ақ сақалды шал бейнесінде суреттеу бұрынғы қазақ әдебиетінде, Абайдан 
басқаларда кездеспейді. «Қыс» деген өлеңнің басқа жағын былай қойғанда, бұл 
шығармадан қыстың қырдағы елге қандай әсері барлығын, мал баққан жылқышыға, 
жалпы шаруаға жылдың ең бір қолайсыз кезі екендігін айқын көруге болады. 
Өйткені қыс өз тұлғасында толық берілген. «Қыс» өлеңін оқығанда, аязды қыстың 
суық лебі бетке тигендей болады. Табиғат тақырыбында жазылған бұл өлеңдері - 
ақынның асқан суретші екендігіне толық дәлел.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет