Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет261/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

3-
топ 
Өзі ән шығармағанмен, Абай әндерін насихаттауда үлкен еңбек сіңіріп, көзі 
тірісінде «Абайдың әншісі» атанған өнерпаздың бірі - Әлмағамбет Қапсәләмұлы. 
Жасынан Абай жанында жүріп, кемеңгер ақынның ішкі тебіренісін дөп басатын 
сезімтал Әлмағамбеттей Абай әндерін көңілден шығарып орындайтын адам кемде-
кем болса керек. Абайдың, бір жан сияқты үлкен әншілердің әндерін орындаған 
Әлмағамбет, қолқалап жүріп Ақылбайға да ән шығартып, оны Тұрағұлмен 
қайыншылап барған Матай жерінде орындайтыны бар. ХХ ғасырдың басындағы 
Абайға арналған кештерде Әлмағамбеттің ән айтқаны туралы баспасөз беттеріндегі 
қысқа хабарлардан басқа әнші туралы нақты дерек жоқтың қасы. Бізге жеткен 
дерек - Әлмағамбеттің үш ұлының бірі - Шәбден ақсақалдың әңгімесі [5] мен ақын 
М.Ыбырайұлының Әлмағамбет туралы мақаласы [6] ғана. Ел аузындағы 
естеліктерге жүгінсек, Әлмағамбет Тобықты ішінде Тоғалақ деген атадан. 
Әлмағамбеттің үш ұлының бірі - Шәбден әкесінің өнерін ұстаған өнерпаз, кейіннен 
құйма құлақ шежіре адам болған. Әлмағамбеттің қасиетті домбырасы осы Шәбден 
ақсақалдың тапсыруымен Абай мұражайынан құнды жәдігер болып орын алды. 


313 
Сол Шәбден ақсақалдың айтуынша малдың бабын білген Әлмағамбеттің әкесі 
Қапсәләмді Абай жылқы бағуға әдейі алдырып, тағдырдың жазуымен Әлмағамбет 
Абайдың тәрбиесін көріп өседі. «Абай өз балалары Мағауия, Тұрағұлмен бірге 
Әлмағамбетті де үш қыс Семейде орыс музыкантына беріп үйреткен» - деп жазады 
Шәбден Әлмағамбетұлы. Әлмағамбет әнші ғана емес, бірнеше музыкалық 
аспаптарда ойнаған шебер күйші болған. «Дунайская волна», «Лезгинка», 
«Возвратное время», «Банкрот», «Полька», «Птичий марш», «Криковяк» деген 
басқа халықтың ән мұралары Әлмағамбет арқылы елге тараған. Қазақ зиялылары 
Нұрғали және Нәзипа Құлжановалармен жақын араласып, Абай есімін халыққа 
таныстыруда бірлесе жұмыс істеді. Тұрағұл әнші, шебер музыканттығымен қоса, 
сазгерлік өнерге де құлаш сермеген сыңайлы. Тұрағұлды көзімен көрген 
Н.Алдажаровтың естелігіне тоқталайық: «Тұраш аға ақын, әрі композитор болған. 
«Әйел сыны» деген өлеңі бар, әнін де өзі шығарған: 
Дәл қарға бет қызылы тамған қандай, 
Ақ таңлақ айналасы атқан таңдай. 
Кірсіз тіс, жайнаған көз, қырлы мұрын 
Әжімсіз аппақ тегіс тіп-тік маңдай,- 
деген. Тұраш ағаның осы өлеңі мен әні ұмыт болмасын деп магнитофонға жаздым» 
[12, 95-
б.] ,- деп бізге белгілі «Хат» өлеңінен үзінді келтіреді. Турағұл әншілік, 
сазгерлік жолға түспегенімен, бұл өнерден де қара жаяу еместігі байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет