314
Кетпеді күнде қиқу басымыздан.
Қорқытып әбден жеңіп алғаннан соң
Көршінің бәрін қуды қасымыздан.
Сұрасаң арғы атамды Ырғызбай-ды,
Шындаса жатқа олжа болғызбайды.
Еліне Қызылмола кеттім шығып
Қудалап ағайыным тұрғызбайды.
Көк үйірім айдын шалқар көл емес пе?
Ырғызбай қайда жүрсе бел емес пе?
Еліне Қызылмола кеттім шығып
Көңілімді көтергім жөн емес пе?-
Осы өлеңді естіп Абай кісі жіберіп Мұхамеджанды көшіріп алғызған»,- делінеді
бір естелікте. Осыдан былай қарай Мұхамеджан Абай шәкірттерінің тобына
қосылып, Абайдың дәстүріндегі әндердің насихатшысына айналады. Абайдың
келіні Кәмәлияның айтуынша: «Әкем әндерін халыққа таратқан әншінің бірі-
Мұхамеджан» [15,200-б.]. Абайдың «Татьянасын» алғаш орындап, бүкіл өнерсүйер
қауымды елең еткізген осы Мұхамеджан болса, құдіретті әншілігімен қоса
ақындығы да болған Мұхамеджанның бізге жеткен осындай бірер ауыз өлеңінен
басқасы кезінде ұмыт болғанға ұқсайды.
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Достарыңызбен бөлісу: