319
деген сөз қағысы, «Жамбылдың Уәйіске айтқаны» деген бір ауыз өлеңі сияқты
ақынға қатысты және оның мұрасына тиесілі дүниелер сақталған.
Бодау, Бақтыбай, Жамбыл сынды жыр сүлейлерімен де сұхбаттас, таныс
болған Уәйіс ақын, Кеңес халық ақындарының атасы, жиырмасыншы ғасырдың
Гомері атанған Жамбыл Жабаевпен кездескенде:
Екі Емелдің ортасын қостым әнмен,
Салдарша салтанатпен жүрдім сәнмен.
Артым жазық, алдым тау өрге шаптым,
Табиғат аямай-ақ бәрін берген, -
деп жырлапты.
У. Шондыбайұлы өзінің замандасы, жерлесі қазактың халық ақыны Төлеу
Көбдіковпен бала кезінен дос-жар болды. Т.Көбдіковпен жүздесіп,
У.Шондыбайұлы жайлы дерек жинамақ болған ғалым Қайым Мұхамедханов:
«Төлеу марқұмнан Уәйіс жайын сұрағанымызда, оның ақындығын асыра мақтап,
ақындығы менен басым еді»,- деп айтып отырушы еді. Уәйістің өлеңдері көп
болушы еді және өзі ірі әнші, Абайдың алдын көрген, Абайға ұнаған ақын болатын,
деп Төлеу ақын Уәйіс туралы ұзақ-ұзак әңгіме айтатын»,- деп жазады.
Абай Құнанбайұлының көзін көрген ақындардың бәрін Абай мектебін көрген
деп айта алмаймыз. Ол кезде ұлы ақынның беделін ғана сыйлап, оның халық
мүддесі үшін жүргізген идеялық күресін рушылдық салт-сана түрғысынан
бағалаған ақындар да болды. Сондай кері ойлы рушыл ақындар да Абайдың
беделін жағалап қасынан табылуға тырысты. Абайдың реализімі мен ақындық
мүддесін жақсы ұғынған Уәйіс сондай жарамсақтарға арнап:
Бәрің де Ыбырайды жағалайсың,
Қылт етсе әкеңді де табалайсың.
Әкеден ұл азғанды кім көріпті,
Жақсыны қашан сендер бағалайсың.
Мал десе, алды-артыңа қарамайсың,
Сақал сатып жүректі жаралайсың.
Әділдік пен арамдық бірге жүрмес,
Сүрінсе ағаң, інілікке жарамайсың,-
деген. Уәйістің осындай өр мінезі төменде ақын өмірінің келелі тірлігінен де, өткір
жырларынан да көрініп қалып жатады. Патша заманыңда, ел басына күн туғанда
халықты күреске шақыруы, әділдікке бой ұсынбай, ел ішіндегі жуандармен кетісуі
-
ақынның осындай ерен мінезінің айғағы.
Жансарайы ән мен жырдан тұратын дархан қазақтың өрелі өнеріне өлмес
үлес қосқан халық перзенттерінің бірі болып, өз заманының оқыған зиялыларымен
қатар жүріп тілдесіп, ойыменен үндесе білген ақынның тағдыры тылсым.
Е.Мұқашев
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Достарыңызбен бөлісу: