325
туындайтын екінші мәселе. «Рас» деген қандай болмасын заттың, құбылыстың
мәнін, әрі сапалық мөлшерін білдіре алатын өлшем. Заттың рас болуы да, болмауы
да мүмкін. Алғашқыда рас болып айқындалған зат, келе-келе мәнсіздене рас емеске
айналуы ықтимал. Бірақ рас заттың рас емеске өтуі де рас. Демек, растың бір-ақ
мәні бар, ол оның растығы. Бұл «рас» ұғымының бір қыры. «Растың»
екінші
қырына келсек, сонда растың растығын тану мәселесіне тірелеміз. Бұл
философиялық мәселе. Растың растығын тани алмасақ, ол жөнінде не айтуға
болады. Онда Алланың барлығына сенуден өзге амал жоқ. Бірақ Абай Алланы рас
дегенде, оны ақиқат деп отырған жоқ, танылатын мүмкіндік
болмыс ретінде
қарастырған.
Абайдың өлеңінің екі жолында «расты» үш рет қолдануы тегін емес. Ол
өлеңді қабылдаушының ойына өріс бергендік.
Алла ісіне мойын ұсынып, мұсылман болудың Абай айтқан шарты - адамға
адамшылық жасау.
«Алла ішімді айтқызбай біледі ойла,
Бендесіне қастықпен кінә қойма.
Распенен таласпа мұмин болсаң,
Ойла, айттым, адамдық атын жойма!..»
Абай ұғымында Алланы сүю адамның жеке басындағы асыл қасиеттерді
қастерлеу, адамгершілікті негізгі қағидаға айналдыру, ал ол үшін ең алдымен өзіңді
өзің тазалауың қажет. Алланы сүю ізгілікке байланысты жол. Өзің күнә арқалап
тұрып Алланы сүйе алмайсың, алдымен күнәңнен арыл, өзіңді өзің ыластан аршы,
одан әріде барып хақ жолына түс. Бұл жолға түссең, бойындағы қуатың, ақылың,
сезімің өріс алмақ, санаң сәулеленбек. Алланың сүйікті
құлы болуға Абай
фаталистік мәнде емес, адамның бостандығы үшін шақырады. Адамның жеке
басының бостандығы ол адамға тән қасиеттерді дамытқанда ғана болатынын ұлы
ақын жақсы білген. «Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді...» деп Абай өзгерісті
мойындаған. Дүние
бір қалыпта тұрмайды, ол күнде өзгерді. Абай Алланың
өзгермейтінін нақтылап, басын ашып айтқан. Сонда Алла туралы өлшем мен Адам
туралы өлшемнің мәні екі басқа болғаны ма? Алла мен Адамға ортақ өзгеріс
заңдылық бар ма, жоқ па, оны Абай айтқысы келмейді. Өмір мәні және болмысы
туралы толғана келіп Абай: «Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй, ол
Алланы жаннан тәтті...»- дейді.
Алла - ислам дінінде қудай есімі. Алланы сүюге
насихаттаушылар Абайға
дейін де көп болған. Ақынның айтып отырғаны-сен Алланы адамзатты
махаббатпен жаратқаны үшін сүй деп отыр. Демек, мәселе махаббатқа тірелген.
Абай бұл тұста махаббатты Адамға емес Аллаға қатысты айтып отыр, Алла
адамзатты махаббатпен жаратқан. Олай болса, махаббат
Адамға дейін болған
шындық. Демек, махаббаттың субъектісі-Алла. Ол Алланың құдыреті, қуаты, рухы.
Бірақ, ол өзіне де танылмаған, сезілген тылсым, әзірше шындыққа айналмаған
мүмкіндік. Махаббат Алланың қасиеті, сипаты ретінде шексіз, өлшеусіз шындық.
Демек, ол туралы таным да шексіз. Махаббат мәңгі таусылмайтын тақырып.
Абайдың «махаббатсыз дүние бос» дейтіні сондықтан.
Жалпы өлеңде Абай діни
ой-толғамнан Адамға қызмет ететін асыл қасиеттерді уағыздайтын үғым-