Екіншісі, Лермонтов-Абай. М.Ю.Лермонтов өмірі мен шығармашылығы Абайға
өте жақын болатын. Абай өзі өмір сүрген қоғамды сынады. «Қалың елім, қазағым»,
«Адасқанның алды жөн» «Сегіз аяақ» өлеңдері заман мен оның адамдары жөнінде
ой толғады. Лермонтовқа жақын келуінің сырында еді. 90-жылдарының басында
Абайдың жеке өмірінде де қайғы, мұң көп болды. Ескі достары Жиренше,
Оразбайлар теріс айналды, сүйікті інісі Оспан, сүйікті ұлы Әбдірахмен қайтыс
болады. Оңшада қалғанда Лермонтовқа көп жүгініп, оның 27 өлеңін аударады.
«Бородино», «Демоннан», «Боряин Оршадан», «Измаил-Бейден», «Вадимнен
үзінді», «Теректің сыйы», «Қарасам қайғырар жұрт бұл заманғы», «Тұтқындағы
батыр», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Жалғыз жалау»,
«Жартас», «Дұға»,
«Альбомнан», «Менің сырым, жігіттер, емес оңай», «Босқа әуре боп келдің бе тағы
мұнда», «Қараңғы түнде тау қалғып» (Лерментов, Гетедан аударған) т.б.
Абай Лерментовтан алған әсерінен «Өзіңе сенбе, жас ойшыл», «Ауру жүрек
ақырын соғады жай», «Әй, жабықтым, әм жалықтым» өлеңдерін жазады. Енді
өлеңдерге құлақ түрелік. «Альбомға», «Қанжар», «Жартас» аудармаларының
орысша, қазақша нұсқалары салыстырыла оқылады.
Үшінші – Крылов пен Абай. 90 жылдардың аяғында Абай И.А.Крылов мысалдарын көбірек аударумен
шұғылданған. «Емен мен шілік», «Қазаға ұшыраған қара шекпен», «Жарлы бай»,
«Есек пен бұлбұл», «Бүркіт пен қарға», «Шегіртке мен құмырсқа», «Әншілер»,
«Ала қойлар», «Түлкі мен қарға», «Есек», «Бақа мен өгіз», «Піл мен қанден». Ақын
Абай өз шығармаларында аяусыз әшкерелеген ұнамсыз құбылыстарды мысалмен
сынауға бет бұрады. Сол арқылы адам бойындағы жағымсыз қасиеттерді – қулық –
сұмдық,тойымсыздық, жауыздық пен зорлық-зомбылық,ашқарақтық,әлін білмеген
әлектерді сынға алады. Мысал өлеңдерді оқып, ғибрат алайық. «Шегіртке мен
құмырсқа», «Піл мен қанден», мысалдарының орысша және қазақша нұсқалары
жатқа оқылады.
Жалпы, қорыта келгенде Абай аудармалары жөнінде де қазақ әдебиеті
тарихында орны айрықша екенін көреміз. Бірінші, бұл қазақ әдебиетінің даму
жолындағы күрделі жаңа адым. 2. Қазақ жұртшылығын ұлы идея, үлкен зор,
жоғары сатыдағы әдебиетпен таныстырып, екі елдің рухани тіршілік мәдениет,
әдебиеттерін байланыстыруға берік дәнекер болды. 3. Орыс әдебиетін жақсы
аудару, олардың үлгісінде жаңа образ, жаңа сөз, сөйлем, қазақ әдебиетінде бұрын
соң әр түрлі әдістерді әдебиетке кіргізіп, қазақтың әдеби тілін бұрыңғыдай да
37
байытып, дамытты, ілгерілетті. 4. Шет тілден өлеңдерді қалай аудару керек
екендігінің бірінші рет жолын салып, кейінгілерге үлгісін пішіп берді.
https://abaialemi.kz/post/view?id=1102 А. ЖАПАРОВА: АБАЙ СУСЫНДАҒАН ҮШ БҰЛАҚ