Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С


Түсіндірмелі  «Неліктен?..»  сұрауынан  басталады



Pdf көрінісі
бет85/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

 
Түсіндірмелі 
«Неліктен?..» 
сұрауынан 
басталады 
 
Шығармашылық «Егер де...» 
шартты рай 
шылауының 
қатысуымен 
жасалады: «Егер 
де...не болады?», 
«Қалай 
ойлайсыңдар, егер 
де...қалай дамыр 
еді?» 
 
3-
тапсырма Ж. «Еркін микрафон» әдісі 
А.Байтұрсынұлы мақаласындағы “Абайдан асқан 
бұрынғы-соңды заманда қазақ баласында біз білетін 
ақын болған жоқ” деген тың да түйінді тұжырымына өз 
көзқарасыңызды білдіре отырып, талдау жасаңыз. 
 
 
 
 
кесте 
Сабақтың 
соңы 
Рефлексия 
Менің ойымша ... 
Мен мұны былай дәлелдеймін... 
Дәлел ретінде мысалдар келтіремін.. 
Мынандай қорытынды шешімге келдім... 
 
ҚОСЫМША 
Қазақ зиялылары ә, дегенде-ақ, Абай туралы туралы келелі ойларын сол 
кездегі түрлі басылымдарда жариялай бастады. Оның ішіндегі елді елең еткізер, 
оқушылары тұшынып оқыр, рухани азығы молы да, кеңге қанат жайғаны да, әрине, 
«Қазақ» газеті болды. «Қазақ» халыққа қызмет көрсетуге жарарлық, халықтың 
көкейкесті ой-арманын көрсете алатын материалдарды ғана жариялап, озық 
үлгідегі дүниелерге ғана орын берді. Соның бірі қазақ зиялыларының әдебиетке, 
әдеби тұлғларға қатысты пікірлері.
«Қазақ» газеті сөз өнерінің «патшасы» Абай арқылы қазақ әдебиетінің өткені 


104 
мен бүгіні жайлы сөз қозғап, өлең сөздің қадір-қасиеті жайлы толғаулы ой қозғаған 
алғашқы мақала Ахмет Байтұрсынов қаламынан шықты. Абай туралы «Қазақ» 
газетінің 1913 жылғы 39-41-сандарында газет редакторы Ахмет Байтұрсыновтың 
«
А. Б.» деп қол қойған «Қазақтың бас ақыны» атты көлемді мақаласы жарияланды. 
Мұнда қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев туралы алғаш тереңнен тартып ой 
айтылған. Абай өлеңінің асыл қасиетін терең түсінген, өлең өнерінің озығы екеніне 
көз жеткізген А.Байтұрсынов: «Одан асқан бұрынғы-соңды заманда қазақ 
баласында біз білетін ақын болған жоқ» деген тың да түйінді тұжырым жасайды. 
Ахмет Байтұрсынов аталмыш мақаласында Абай өлеңдерін қабылдау қиынға 
соғатындығын айта келіп, «…Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екені 
рас, бірақ ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан болған кемшілік емес, 
оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағандығынан болатын кемшілік» - деп 
бір түйіп алады. Сөйтіп, Абай сөзін ұғынудың қиындығы Абай поэзиясының 
жадағай жылтыр сөзден құралмай, ойлы, мағынасы тереңде жатқан сөз жүйесі 
болғандықтан деп біледі.
Яғни, Ахмет пайымдауынша оқырманның Абай сөздерін түсінбеуінің басты 
себебі, ақынның өз заманындағы талғам-танымнан озық кетіп, сол тұстағы 
оқырман деңгейінен ой асырып тұрғандығынан.Асыл сөздің әрі мен нәрін тап 
басып танитын сөз өнерінің білгірі:
«Абай сөзі заманындағы ақындардың сөзінен оқшау, олар сөзінен үздік, 
артық. Ол оқшаулық, артықтық басқа ақындардан Абай сөзінде ғана емес, өзінде де 
болған»,-дейді. Сөйтіп Ахмет Абайдың өскен ортасына, тәлім-тәрбиесіне, өмір 
жолына көз жіберіп, осылардан қалыптасар адамдық болмысына ой тастап, одан 
туындаған пікірлерін ортаға салады.Сонымен бірге Ахмет осы мақаласында ақын 
шеберлігінің сыры неде деген сұраққа жауап іздестіреді. «Сөз жазатын адам әрі 
жазушы, әрі сыншы болуы керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың 
шеберлігі керек. Ұнамды, дәмді, орынды болуына сыншылық керек, мағыналы, 
маңызды, болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де болған». Міне, Ахмет тапқан 
Абай шеберлігінің сыры осыларда жатыр. Жалпы ақынға, өнерпазға тән қасиеттің 
бәрі бойына жинақталған Абай ақындығының табысы да, табиғи ерекшелігі де әлгі 
Ахаң айтқан үш нәрседен қуат алады, «сондықтан да өлеңі қай тарапынан болса да 
толық». 
Ахмет мақаласында Абай шығармашылық тұлға ретінде толық болмысымен 
көрінді. Ол Абай поэзиясының төл ерекшеліктерін нақты мысалдар, өлеңдерінде 
өрілген көркемдік белгілер арқылы ашып көрсете алды. 
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B1%D0%B0%D0%B9_%D0%B7%D0%B5%D1%80%
D1%82%D1%82%D0%B5%D1%83_%D0%B5%D2%A3%D0%B1%D0%B5%D0%B3%D1%96
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет