А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Кӛпжақты шығыс экономикасындағы шетелдік сек-



Pdf көрінісі
бет12/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Кӛпжақты шығыс экономикасындағы шетелдік сек-
тор.
Экономикада шетелдік сектордың пайда болуы тау-кен, 
банктік-транспорт, коммуналды ӛнеркәсіп орындарында, ӛнді-
рістің шетелдік капиталистік жүйесі пайда болды. Шығыс қоға-
мында капиталистік қатынастың дамуы дәстүрлі әлеуметтік-эко-
номикалық құрылымды артқа қалдырып, машина индустриясы-
на қарай жол ашты. Осы қатынастар ұлттық жекеменшік кәсіп-
керлері ӛндірісінің күрт ӛсуіне түрткі болды. 
Ӛндірістің жаңа түрі, шаруашылық саласы, әсіресе 
Шығыста машина жүйесі Батыспен салыстырғанда біртіндеп ке-
рісінше игеріле бастады. Егер Батыс Еуропа және Солтүстік 
Америкада машинажүйесін бастапқы кезде ӛндіріс саласында 
пайдаланса, ал Шығыс елдерінде – транспорт түрінде қолданды. 
Бу параходтары, темір жолдар және телеграф, яғни осы техника-
лық жүйені отарлық және тәуелді елдер бірінші болып игерді. 
Қолӛнершілер кӛп шоғырланған Шығыста машина жүйе-
сінің пайда болуы айтарлықтай ӛзгеріс әкеле қойған жоқ, тіпті 
үй шаруашылығындағы ӛндірісті фабрика-заводтық ӛндіріске 
тез ауыстыру мүмкін болмады. Дәстүрлі қолӛнер мануфактура-
сына сатымен келе жатқан Шығыс үшін шаруашылықтың тех-
никалық түрін қабылдап және іске асыруға айтарлықтай дайын 
емес еді. Техника ӛндірісі ішкі даму үрдісінде ӛзіндік ӛнім бо-
лып есептелген жоқ. Машина жасау шаруашылығы шығыста 
шетелдік фабрика-заводтар тарапынан іске асырылды, мысалы 
Үндістанда, Қытайда, Египетте, сонымен бірге Вьетнам, Бирма, 
Малайяда. 
Шығыс елдеріндегі ӛнеркәсіп тӛңкерісі.
ХХ ғасырда 
экономикалық және капиталистік қатынаста отарлық басқын-
шылықтың күшеюі тағы бір маңызды үрдісті күшейте түсті – ур-
бандану, яғни қалалардың ӛсуі қаладағы халық санының кӛбеюі. 
Қалаларда жаңа үлгідегі кӛптеген сауда-ӛнеркәсіп орталықтары 


19 
пайда болды, ал дәстүрлі қалалар ӛздерінің бұрынғы бетінен 
қайтып, ауылдан кӛшіп келген мигранттар тарапынан ӛнеркәсіп 
түріне кӛше бастады. Заманауи үлгідегі қала орталықтарында 
инфрақұрылым пайда болды. Дегенмен, ХХ ғасырдың бірінші 
жартысында да Шығыс елдерінде ӛнеркәсіп тӛңкерісі әлеумет-
тік-экономикалық жағынан да немесе техникалық жағынан да 
толық аяқталған жоқ.
Шығыс елдері техникалық құрал-жабдықтарды сырттан 
тасымалдау үрдісіне тәуелді болды. Мысалы, Бирмада
1869 жылдан 1937 жыл аралығында күріш ӛнімінің құны
24 миллионнан 258,9 млн. рупийға дейін ӛсті, яғни 10 есе. Ал 
осы кездері күрішті экспорттау кӛлемі де дәл осындай кӛлемде 
болды. Шығыс елдерінде ӛнеркәсіп қарқыны ескі де жаңа да 
ӛнім шығару үрдісін пайдаланып, ішкі нарық дамып, ұлттық 
экономиканың қауымдасуына жол ашылды. Дегенмен, үлкен кӛ-
лемде осындай табыстарға қол жеткізген күннің ӛзінде ірі кӛ-
лемде айтарлықтай еш ӛзгеріс бола қойған жоқ. Кӛптеген елдер 
ӛз ӛнімдерінің бір бӛлігін Еуропа, Америка, Африка және Азия 
елдеріне экспортқа шығарып отырды, ал метрополия қолына 
ғана шоғырланған күнделікті керек тауарлар мата, жүн, аяқ 
киім, ӛнеркәсіп және техникалық құрал жабдықтарды сырттан 
тасымалдауларына тура келді. 
ХХ ғасырдың бірінші жартысында Шығыс елдері ӛнім 
шығарудың капитализмге дейінгі үлес салмағын сақтап келді – 
қолмен жіп иіру, мата, керамика ыдыстарын жасау, сонымен 
бірге металл мен ағаштан күнделікті қолданыстағы әртүрлі бұ-
йымдарды да ӛздері жасады. Ал заманауи фабрика-заводтардың 
ӛндірісі, қаржы-несие мекемелері, банктер, сауда фирмалары, 
транспорттың жаңа түрі «жоғарыдан» ӛндіріліп, тек ұлттық ка-
питалға ғана тиесілі болды (жеке меншік және акционерлік). Ал 
«тӛменгі» ұсақ тауар шығаратын жергілікті ӛнеркәсіп шаруашы-
лық орындарының даму қарқыны ешқандай бақылауға алынған 
жоқ. Сонымен бірге аудандық және ауылдық жерлерде ескі 
жүйеде білім беру, әлеуметтік-экономикалық қатынастар, құн-
дылық, басқару орындары секілді салаларда да дәстүрлі ӛмір 
сүру салты ұзақ уақыт сақталып қалды.


20 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет