Помещиктік жер иеленудің жаңа тҥрінің қалыптасуы. Шығыстың кӛптеген елдеріндеұсақ шаруалар буржуазиясы құ-
рылып, жаңа шаруашылық түрінде ірі жер иелігінде помещиктік
капитализм дами бастады. Шығыстағы ауыл шаруашылығының
капиталистік помещиктік түріне ӛтуі, яғни жалгерліктің неше
түрі, жер рентасына шаруаларды бұғаумен ұстағандай болды.
Ӛндірілген ӛнімдегі басты үлесінен және шаруашылықта еркін-
дігінен айырылған жалгер-шаруалар шығыстану әдебиеттерінде
консервативті деп аталды. Онда аграрлық саладағы капиталистік
дамудың батыстық үлгісінің ең тӛмен және нашар жақтары сақ-
талған. Дегенмен, ХХ ғасырдың бірінші жартысында Шығысқа
қолданылған нашар модель болса да, оның отарлық және тоқы-
раулық түрінің ӛзінен біртіндеп жаңа үлгідегі ӛндірісі құрыла
бастады.
Помещик, ірі жер иеленуші немесе басқарма бастығы
шаруаларға кішігірім учаскелік жерді, соқаға жегетін мал, бір-
неше құрал-сайман, дәнді дақыл т.с.с. жалға беріп, осыдан кейін
ӛндіріске бақылау жүргізе бастады, тіпті осы ұйымдастырудың
кейбір құрылымдарын да ӛздері атқарды. Помещик немесе бас-
қарма бастығының қызметі түсімді, қарызды және ӛсімқор па-
йызды жинаумен ғана шектелген жоқ, олар жер иелері мен жал-
герлердің жағдайын айтарлықтай ӛзгертті. Жериеленушілерден
шаруашылық қызметіне қатысуы, құқықтары және ұйымдасты-
рушылық құрылымдарының кеңеюі ӛтпелі кезеңде сыбайластық
шаруашылықтың дамуына түрткі болды. Сонымен, Шығыс ел-
дерінде жалгерлердің арнайы қоныстары пайда болды
(Египетте-эзба, Филиппиндерде-баррио) мұнда тұрғындар ӛзінің
дәстүрлі маңыздылығын жоғалтпаған, яғни үлкен экономикалық
және саяси билікті иеленген жериелеріне тәуелді болды. Мұндай
жағдай Шығыс қоғамында отарлық-капиталистік даму үрдісінің
баяу жүргенін кӛрсеткенмен, жер шаруашылығының даму қар-
қыны жаңа заманауи қалыпқа түсе бастағанын кӛрсетеді.