19
пайда болды, ал дәстүрлі қалалар ӛздерінің бұрынғы бетінен
қайтып, ауылдан кӛшіп келген мигранттар тарапынан ӛнеркәсіп
түріне кӛше бастады. Заманауи үлгідегі қала орталықтарында
инфрақұрылым пайда болды.
Дегенмен, ХХ ғасырдың бірінші
жартысында да Шығыс елдерінде ӛнеркәсіп тӛңкерісі әлеумет-
тік-экономикалық жағынан да немесе техникалық жағынан да
толық аяқталған жоқ.
Шығыс елдері техникалық
құрал-жабдықтарды сырттан
тасымалдау үрдісіне тәуелді болды. Мысалы, Бирмада
1869 жылдан 1937 жыл аралығында күріш ӛнімінің құны
24 миллионнан 258,9 млн. рупийға дейін ӛсті, яғни 10 есе. Ал
осы кездері күрішті экспорттау кӛлемі де дәл осындай кӛлемде
болды. Шығыс елдерінде ӛнеркәсіп қарқыны ескі де жаңа да
ӛнім шығару үрдісін пайдаланып,
ішкі нарық дамып, ұлттық
экономиканың қауымдасуына жол ашылды. Дегенмен, үлкен кӛ-
лемде осындай табыстарға қол жеткізген күннің ӛзінде ірі кӛ-
лемде айтарлықтай еш ӛзгеріс бола қойған жоқ. Кӛптеген елдер
ӛз ӛнімдерінің бір бӛлігін Еуропа, Америка, Африка және Азия
елдеріне экспортқа шығарып отырды, ал метрополия қолына
ғана шоғырланған күнделікті
керек тауарлар мата, жүн, аяқ
киім, ӛнеркәсіп және техникалық құрал жабдықтарды сырттан
тасымалдауларына тура келді.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында Шығыс елдері ӛнім
шығарудың капитализмге дейінгі үлес салмағын сақтап келді –
қолмен жіп иіру, мата, керамика ыдыстарын жасау,
сонымен
бірге металл мен ағаштан күнделікті қолданыстағы әртүрлі бұ-
йымдарды да ӛздері жасады. Ал заманауи фабрика-заводтардың
ӛндірісі, қаржы-несие мекемелері, банктер, сауда фирмалары,
транспорттың жаңа түрі «жоғарыдан» ӛндіріліп, тек ұлттық ка-
питалға ғана тиесілі болды (жеке меншік және акционерлік). Ал
«тӛменгі» ұсақ тауар шығаратын жергілікті ӛнеркәсіп шаруашы-
лық орындарының даму қарқыны ешқандай бақылауға алынған
жоқ. Сонымен бірге аудандық және ауылдық жерлерде ескі
жүйеде
білім беру, әлеуметтік-экономикалық қатынастар, құн-
дылық, басқару орындары секілді салаларда да дәстүрлі ӛмір
сүру салты ұзақ уақыт сақталып қалды.