6
§1. Жаңа кезеңдегі Шығыс қоғамындағы
отаршылдық
Отар-алғашқы қор жинау кӛзі ретінде.
Отарлық жүйе
алғашқы кезден-ақ әлемдегі мемлекеттерді екі топқа бӛлді: мет-
рополия және отарлар. Бір жағында шамалы ғана капиталистік
ұлттар, ал екіншісінде - басып шаншылған әлем халықтарының
басым кӛпшілігі болды. Отарлық сауда ХҮІ-ХҮІІІ ғасырда
дами бастады,
дегенмен, оның сыртқы тауар айналымы Азия
және Африканың кейбір аймағында алғашқы қор жинау үлес
салмағына әсер ете қойған жоқ. Ӛйткені алғашқы кездері Азия
және Африкадан кӛбіне
тауар енгізіліп емес, керісінше үнемі
қымбат металлдар, асыл бұйымдар мен құлдар сыртқа тасымал-
данып отырды. Отарлық басқыншылықтың кеңеюі салдарынан
сыртқы сауданың кірісі ғана ұлғайып қойған жоқ, (Азия және
Африканың кейбір аймақтарында) сонымен қатар жергілікті ха-
лықты аяусыз басып-жаншып тұтастай тонаушылық етек алды
(ХҮІ-ХҮІІІ ғғ.
Молуккс аралы, 1615 жылдан бастап Сурат,
Мадрас, Пурикат, ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. Ява аралдары, ал ХҮІІІ ғ. бас-
тап Бенгалия т.б.). Ал екінші жағынан әлемдік нарық жүйесі ка-
питал техникалық жетістіктер мен қалалардың ӛсуіне алып кел-
ді (әсіресе портты қалалар) сондай-ақ, транспорт дамып,
сақтан-
дыру, банк істері т.б. қолға алынды.
Отар елдерден тасымалданған қымбат бұйымдар мен
асыл тастарды тек метрополия ғана пайдаланды, сол жерде ғана
ол капиталға айналды. Ал тонауға ұшыраған елдер үшін бұл ор-
ны толмас шығын болды, олардың шаруашылықтары күйзеліс-
ке ұшырады. Мысалға жүгінер болсақ,
ағылшындық Ост-Инд
компаниясы ӛзінің Үндістанға үстемдік құрудың алғашқы жүз
жылында бұл жерден миллиард фунд стерлинг кӛлемінде қым-
бат заттар тасып үлгерген екен. Әрине, ағылшындар бұл бай-
лықты жат жерден ӛз маңдай терлерімен тапқан жоқ, керісінше
жергілікті
халықты қанау, тонау арқылы қол жеткізіп,
сосын
Англияға жіберіп отырды. Мұның арты үлкен адам шығынына
да алып келді, мысалы ағылшындардың
салықтық жыртқыш-
тығы салдарынан, 1770 жылғы аштық салдарынан бай және кӛп
халықты Бенгалияда 10 млн. адам құрбан болды. Мұндай жағ-
7
дай голландық отаршылдар қолындағы Ява жерінде де болып,
халықтың кӛбі
аштықтан қырылып, ал қалғаны тауға қашып
жан сауғалады.
Достарыңызбен бөлісу: