9
Бағдад теміржолын салды, тек Оңтүстік-Африкалық Одақтың
ӛзінде ғана бельгиялық және француздық монополиялар 7 мың
миль теміржол салды, ал Египет территориясындағы Суэц ка-
налы да отаршылдар мүддесіне сай қызмет жасады. Сонымен
қатар, отар және тәуелді елдерде шетелдік ӛндіріс орындары
ашылып жатты. Осындай мақсатты іске асыру үшін концессия
(бір мемлекеттің ӛз ӛндіріс орнын басқа мемлекетке арнаулы
мерзімге жалға беру шарты) шарты жасалды. Мұндай шарт
Иранда ағылшын-парсы (кейін ағылшын-иран) мұнай компа-
ниясы болды. Қытай жерінде де болды, ал кейін мұнай, кӛмір,
қазба байлықтар, тау-кен, фосфат - барлығы шетелдік монопо-
лиялардың қолына кӛшті. Иран, Индонезия және басқа араб
елдеріндегі мұнай компанияларын иемденді. Египет, Үндістан,
Вьетнам, Түркияда тұзды ӛндіру және сату құқығына да шетел-
діктер ие болды. Африка елдеріндегі алмаз және алтын кендері
ағылшын, француз және бельгиялық компаниялары құзырына тиді.
Кеден саясаты да метрополияға тәуелді болды. Американ-
дықтар -Филиппинде, француздар - Үндіқытайда, ағылшындар -
Үндістан және Египет жерінде кеден және теміржолға баж са-
лығын орнатты.
Достарыңызбен бөлісу: