5
1-тарау
ШЫҒЫС ЕЛДЕРІ ҚОҒАМЫНЫҢ НЕГІЗГІ ДАМУ
БАҒЫТТАРЫ
Отаршылдық адамзат дамуының қоғамдық кезеңіне ерек-
ше тарихи жүйемен енді. Шығыстағы отаршылдық құрылым
ХХ ғасырдың үлкен бӛлігін қамтып,
оның зардабы осы кезге
дейін жалғасуда (жаһанданудың кейбір аспектісі), яғни отар-
шылдықтан кейінгі кеңістіктегі қоғамдық даму үрдісіне үлкен
әсерін тигізуде. Оның негізін ХҮ
ғасырдың соңындағы теңіз
саяхатшылары (Васко да Гама, Христофор Колумб) Ұлы геог-
рафиялық ашылулары осындай сыртқы
саясат іргетасының қа-
лануына түрткі болды. Ұлы географиялық ашылулар дәуірінде
адамзат тарихы алғашқы рет әлемдік негіздің іргесін қалады.
Дүниежүзінде әлемдік капиталистік шарттардың жүйесіне ор-
тақ экономикалық аймақ құра бастады және кейбір мемлекеттер
метрополияға айналды (бірқатар
Еуропалық мемлекеттері,
АҚШ, кейінірек-Жапония), ал әлемнің кӛптеген езілген халық-
тары - тәуелді (Азия, Африка, Орталық және Оңтүстік Америка
елдері), яғни отар және жартылай отар елдерге айналды.
Дегенмен, отаршылдық дамыған капиталистік елдердің
жасап шығарғаны емес, сондай-ақ еуропалық конкистадорларда
отаршылдық жүйесін бірінші
болып ашқандардың қатарына
жатпайды. Алдыңғы тарихи дәуірде де кӛптеген ғасырлар бойы
ірі отарлық империялар да ӛмір сүрді (б.з.б. ХҮІ-ХІ ғғ. египет-
тік, б.з.б. ҮІ-ІҮ ғғ. ирандық, б.з.б. І ғ. римдік, ІҮ ғ. қытайлық,
монғолдық, османдық). Еуропалық отаршылдықтың негізгі
ерекшелігі жоғарғы қарқынды
ұйымдастырушылық техноло-
гиясы болды (ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. мәдени-ғылыми жетістіктердің нә-
тижелері ӛнеркәсіп тӛңкерісіне алып келді). Тап осы еуропалық
капитализм зорлық-зомбылықпен әлемді отарлық шаруашылық
жүйесіне біріктірді.
Достарыңызбен бөлісу: