37
Ли Сын Ман Ұлттар лигасына барып, Жапонияның Корея мен
Маньчжуриядағы басқыншылығын талқыға алды.
1940 жылы жапондықтар партизандардың кӛптеген база-
ларын талқандады. КСРО-ға қарсы соғыс қимылдарын жүргізу
үшін олар Маньчжурияны қытайлық және корейлік партизан
жасақтарынан тазартты, яғни олардың қалғандары Қытай қару-
лы күшіне қосылды (Чан Кайши армиясы немесе коммунис-
тердің ұлт-азаттық армиясы) және Кеңес Одағына қашып кетті.
Осындай жағдайдан кейін жапондықтарға қарсы белсенді күш -
корейлік ұлт-азаттық қозғалысындағы коммунистер мен ұлт-
жандылар әлсіреді. Осы кезде эмиграцияда жүрген буржуазия-
лық саясаткер Ли Сын Ман АҚШ саясатына қарай бағыт ұстан-
ды. Ал 1941 жылы Жапонияға қарсы соғысқа кірісіп, Құрама
Штаттар Кореяның егемендігін қалпына келтіреді деп сенім артты.
1945 жылы шілдеде Потсдам конференциясы барысында
одақтас державалар Жапонияның шексіз тізе бүгуін талап етіп
және Кореяның тәуелсіздігін қалпына келтіруді алға тартты.
Кеңестік және американдық әскердің соғыс қимылдары Корея
түбегі "38-ші параллель" деп белгіленді.
1945 жылы 8 тамызда Жапонияға соғыс ашқан Кеңес Ода-
ғы Қытайда, Кореяда және Тынық мұхитында кең кӛлемде со-
ғыс қимылдарын жүргізді. Кореяны азат ету 2-ші қиыр шығыс-
тық майдандағы 25-ші армия және Тынық мұхиты флотымен
байланыс жасауына алып келді. Кореядағы соғыс ӛзінің қасіре-
тімен ерекшеленеді, Жапония тізе бүксе де соғыс жалғаса берді
(25-ші армия 4717 адамынан айырылды).
Достарыңызбен бөлісу: