49
1920 жылы шілдеде Пекиндегі Дуань Цижу үкіметін құла-
тып, оның орнына Чжилиден У Пэйфу келді, олар Англия мен
АҚШ-тан қолдау іздеді. АҚШ және Батыс Еуропа мемлекеттері
Қытаймен ара қатынасты жақсартуға кірісті, ал бұл Жапониямен
қарым-қатынасты нашарлатып жіберді.
Мұндай жағдайда Жапонияның
Вашингтон конференция-
сында
толықтай оқшауланып қалуына әкеп соқты. Қытайдың қа-
тысуымен болған бұл конференция 1921 жылы сәуірден
1922 жылдың ақпанына дейін жұмыс істеді. Конференцияның
Қытай үшін ең маңызды нәтижесі
«Қытай туралы 9 держава»
келісімі болды. Онда Қытайдың егемендігі сақталды, террито-
риялық тұтастығы қалпына келтірілді, «21 талап» бойынша
Қытайдан тартып алған Шаньдун провинциясын Жапония қай-
тарып берді.
Сонымен келісім Қытайдың халықаралық позициясын бе-
кіте түсті. Ал «4 мамыр» қозғалысы шаруалардың белсенділігіне
түрткі болды.
Осы
1920 жылы Қытайда бірінші рет маркстік үйір-
мелер
пайда болды. Оны Пекинде университет профессоры Ли
Дачжао басқарды, Шанхайда Чень Дусю, ал Хунань провинция-
сының орталығы Чаншада
Мао Цзэдун
басқарды.
Достарыңызбен бөлісу: