185
басқа тұрғыдан бағалаған. Бірақ мұнда бір айтатын нәрсе сол: жануарлар
жайындағы классикалық (аллегориялық) ертегі мен ескі мифтік әңгімелер
арасында әлі де болса тотемистік ұғымды сақтаған әңгімелер бар. Олар
феодализм қоғамын басынан толық өткізбеген елдердің фольклорында
сақталған, бірақ, әрине, сол алғашқы күйіндей емес.
Ал, таза ертегі көркем жанр ретінде мифтік ұғымдардан біржола қол
үзгенде ғана қалыптасады. Онда жануарлар образы адамды тұспалдап
бейнелеу деп қабылданады. Жануарлар жайындағы классикалық ертегі
мифтік және діни ұғымдардан таза, мұндағы қиял көркемдік қызмет
атқарады.
Егер жануарларға байланысты тотемистік түсініктерге
негізделіп туған
көне әңгіме-мифтердің мақсаты әрбір адам білуге міндетті мифологияны
білдірсе (хабарласа), көркем ертегінің мүддесі басқа. Бұл жанр пайда болып,
қалыптасқан шақта адамзат таптық қоғамда өмір сүрген еді. Сол себепті
мұндағы қиял тұспалдау түрінде болады да, әлеуметтік-таптық мүдделерді
көрсетуге жұмсалады. Сөйтіп, жануарлар жайындағы классикалық
ертегілерде әңгіме шын мәніндегі аң мен құстар жайында емес, адамдар
жайлы болады.
Міне, жануарлар жайындағы ертегі жанрының туып, даму процесі
осындай. Ол – типологиялық құбылыс, барлық елдің ертегісіне тән
заңдылық. Қазақ ертегісі де осы заңдылық бойынша туып, қалыптасқан. Рас,
оның өзіне тән ерекшелігі де бар.
Жануарлар жайындағы қазақ ертегілерін үш топқа жіктеуге болады.
Біріншісі – шығу мерзімі жағынан ең көне миф жанрымен байланысын толық
үзе қоймаған, жануарлардың пішініндегі, немесе жүріс-тұрысындағы, я
болмаса
мінез-құлқындағы, әйтеуір, қандай да бір ерекшелігін түсіндіре
баяндайтын этиологиялық ертегілер. Екіншісі – Шығыс және Батыс
халықтарының көпшілігіне мәлім, яғни дүниежүзі елдерінің жануарлық
эпосын құрайтын классикалық ертегілер. Бұлар бүгінгі дәуірде балалардың
үлесіне тиген. Қай елдің болса да, жануарлар жайындағы классикалық
ертегілері адам мінезінің ақылдылық, ақымақтық, қулық-сұмдық сияқты
жақтарын қарапайым аллегория арқылы ашып береді. Үшінші топқа мысал
ертегілер (апологтар) жатады. Бұл ертегілер көбінесе кітаби болып келеді де,
әдебиетке жақын тұрады. Мұнда жануарлар бейнесі шартты түрде
алынғанмен, ғибрат ашық айтылады. Енді осы екі топты жеке-жеке, нақты
мысалдар арқылы қарастырайық [2].
Этиологиялық ертегілер. Бұл топтағы ертегілердің
жанрлық ерекшелігі
оның синкреттілік сипатында, яғни мұнда көзбен көріп, қолмен ұстап алатын
жанрлық белгілер жоқ. Бұларды даралап тұратын нәрсе - себеп-салдарлық
баяндау, бірақ соған қарамастан мұнда тұрақты композициялық құрылым
жоқ. Бұл тұрғыдан алғанда бұл ертегілер этиологиялық мифке жақындайды.
Рас, қазақтың төрт түлік туралы кейбір төл шығармаларында кейіпкер-
жануар бейнесі тотемистік түсініктегі мифте көрінетін жануарлармен ұқсас
болып келеді. Мысалы, ботасын іздеп боздаған бозінген жайындағы, немесе
иесінің қамын ойлайтын сырттан ит туралы шығармалар әлі шын мәніндегі
186
ертегіге айналып үлгермеген, мұндағы жануарлар мифтегі сияқты «қасиетті»
деп есептелген. Бұл – қазақтың жануарлар жайындағы этиологиялық
ертегілерінің басты ерекшелігі.
Аталмыш ерекшелік – этиологиялық ертегінің мифпен жақындығы –
«Мүшел», «Хайуандардың жыл басына таласуы», «Үркер» сияқты
шығармаларда айқын сезіледі. Мұнда аспан әлемінің сыры, жыл он екі айдың
болуы қазаққа жақсы таныс жануарлардың мінез-құлқымен, іс-әрекетімен
байланысты түсіндіріледі. Қадым заманда ел шындық деп қабылдаған бұл
мифтер келе-келе ертегілік сипат ала бастаған. Өмірді, әлемді практикалық
түрде танып, тәжірибесі толысқан көшпенділерге қыстың ұзақ болатынына
сиырдың еш кінәсі жоқ екені, сол сияқты он екі айдан тұратын жыл басының
тышқан аталуына ашық ауыз түйенің еш қатысы жоқ екендігі белгілі болған.
Сөйтіп, ел бұл мифке сенбейтін болған. Бір кездерде дүниенің жаратылысы
туралы болжам жасаған мұндай мифтер елді қанағаттандырған еді де, халық
сол арқылы өз түсінігін пайымдаған болатын. Сондықтан да «Үрлер», «Жыл
басына таласқан хайуандар» сияқты ертегілер
космогониялық мифке тәп
сипатын сақтай отырып, әлдеқашан ертегілер тобына қосылған және олардың
сипатты белгілеріне ие болған [3]. Олардың құрамында ертегілерде кең
тараған мотив – жануарлар жарысы енгізілген және мұнда түйенің аңқаулығы
мен тышқанның қаптесер қулығы миф емес, көркем ертегі тұрғысынан
бейнеленген. Олардағы жануарлар образынан адам бейнесі көрінеді, демек
оларда хайуанаттар туралы ертегіге тән аллегориялық сарын, үн бар. Міне,
осындай себепке байланысты аталған шығармалар жануарлардың белгілі бір
қасиетін, шығу тегін түсіндіре баяндамаса да этиологиялық ертегілер
қатарына жатады.
Таза этиологиялық ертегіде шарттылық басым, аллегория айқынырақ.
Сол себепті ондағы оқиғаға айтушы да, тыңдаушы да сенбейді. Сондықтан
таза этиологиялық ертегілер күлдіргі болып келеді де,
көбінесе балаларға
арналып айтылады. Екінші жағынан, олардың құрылымы драмалық
оқиғаларды кіргізіп отыруға ыңғайлы болады.
Көптеген этиологиялық ертегілерде жануарларға берілетін мінездеме
классикалық ертегілермен бірдей. Мәселен, түлкі өте қу әрі тақыс. Осындай
жылпостығымен ол қоянды құйырығынан айырады (Қоянның құйрығы неге
кысқа, түлкінікі неге ұзын?), Түйеге үнемі аңқау және ақкөңіл деген
мінездеме беріледі (Түйе су ішкенде неге артына қарайды?). Бұл сияқты
этиологиялық ертегілер бұрынғы ел сенген мифтік сипатынан айрылған және
олар классикалық ертегімен қатар өмір сүргендіктен соған жақындаған, тіпті
бір-біріне әсер де еткен. Кейбір жағдайларда классикалық ертегінің аяқталуы
этиологияны (себепті) болып келуі – осының айғағы. Мысалы, өте қу, залым
түлкіні кішкентай ғана бөдененің алдап кеткенін баяндайтын классикалық
ертегі бөдененің құйрығының қысқарып қалу себебін түсіндірумен
аяқталады.
Хайуанаттар туралы этиологиялық ертегілер кейде қиял-ғажайып
ертегілердің де оқиғасын пайдаланады және сол арқылы адамгершілік пен
адалдық проблемаларын көтереді. Айталық, қиял-ғажайып ертегісінің өте бір
187
айшықты кейіпкері айдаһар этиологиялық ертегіде бүкіл өзінің болмысын
көрсетеді: өлгелі жатса да қан ішіуді мақсат тұтып, ол масаны дүниеде кімнің
қаны тәтті екенін біліп келуге жұмсайды. Бәрінен де адам қаны тәтті екен деп
айдаһарға хабар бергелі келе жатқан масаның тілін қарлығаш жұлып алады.
Қаһарланған айдаһар қарлығашты жеймін деп шап бергенде, аузында оның
құйрығы ғана қалады. Содан бастап маса тек ызыңдайтын болады да, ал
қарлығаштың құйрығы айыр болып қалады және ол адамға үйір болып,
ұясын үйдің ішіне, немесе қораға салатын болады. Міне, мұнда
қарлығаш пен
айдаһардың қақтығысы арқылы әділеттік пен зұлымдықтың күресі
бейнеленіп, үш бірдей сұраққа жауап берілген.
Жануарлар жайындағы этиологиялық ертегілердің мазмұны мен
композициясы бейнеленіп отырған жануар не себепті белгілі бір сипаттармен
дараланады? – деген сұраққа жауап беруге бағындырылады. Сырт қарағанда,
мұнда классикалық және мысал ертегілерде айқын көрінетін аллегория жоқ
сияқты. Бірақ мүйізінен айрылған түйе де, түнде ғана ұшатын жарқанат та
адамды суреттейді, адам мінезін сипаттайды. Ендеше бұлардың образы жаңа
қасиетке ие болады, олардың қылықтарынан адамның іс-әрекеті аңғарылады.
Достарыңызбен бөлісу: