52
фольклордың тарихилығы мен тәлімдігі басымырақ жанрларға ауды. Сол
себепті шешендік сөздер, аңыздар көбірек жарияланды. Бірақ ол
жинақтар ғылыми-көпшілік мақсатты ұстанды, ал ғылыми басылым көп
дайындықты қажет етеді. Осы шартпен 1994 жылы “Ел қазынасы
–
ескі
сөз”
деген атпен В.Радлов жинаған фольклорлық мәтіндер жарық көрді.
Бүгінгі таңда ұлттық фольклорымыздың Кеңес кезінде тиым салынған
түрлері “Бабалар сөзі” атты сериямен жарияланып, ғылыми айналымға енуде.
Барлығы – 100 том болмақ. Музыкалық фольклорымыз да 5 том болып
антология түрінде басылып жатыр. Екі басылым да ғылыми шарт бойынша
жүзеге асуда.
Достарыңызбен бөлісу: