Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы


Фольклор және бейнелеу өнері



Pdf көрінісі
бет36/122
Дата19.09.2023
өлшемі2,12 Mb.
#108500
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   122
Байланысты:
фольклор

Фольклор және бейнелеу өнері.
Фольклордағы қазақтың халықтық 
қолөнері – бейнелеу өнеріне жатады. Халықтың тұрмыс қажеті мен әшекей 
үшін жасаған бұйымдары – әрі практикалық (утилитарлық), әрі эстетикалық 
функция атқарған. Киіз үйдің жабдықтары, аттың әбзелдері, ыдыс-аяқ
ұзатылар қыздың әшекейлері, т.б. – бәрі осы екі функцияны қатар орындаған. 
Халықтың қолөнеріндегі мотивтер мен сюжеттер, ою-өрнектер осы заманғы 
бейнелеу мен сәулет өнерінде пайдаланылады. Ал, халық ертегілері мен 
эпосының кейіпкерлері, сюжеттік элементтері қыл қалам шеберлерінің 
туындыларына негіз болуда. Сонымен қатар ұлттық фольклорымыз 
полиграфиялық мақсатта, кітаптар мен әр түрлі басылымдарды безендіру 
үшін де пайдаланылады. Қазіргі кездегі живописьте, графикада, гобеленде, 
жарнамада ұлттық фольклорымыздың көптеген элементі стилизация 
мәнерінде де көрінеді. Ендеше, фольклор – бүгінгі қоғамның да практикалық, 
әрі эстетикалық талабын орындауда деп айтуға әбден болады. 
Фольклор және теледидар.
Ұлттық фольклорымызды насихаттауда,
сол арқылы қоғамда имандылық, адамгершілік сияқты ізгі қасиеттерді 
орнықтыруда теледидардың атқаратын рөлі орасан зор. Халықтың игілікті 
әдет-ғұрпын, үйлену салтын көрсететін бейнеклип (видеоклип), ертегілер 
мен жырлардың сюжеті бойынша түсірілген телефильмдер әрі эстетикалық, 
әрі тәлім-тәрбиелік, әрі танымдық қызмет атқарады. Осы тұрғыдан келгенде, 
Қазақстандағы телеарналар осы өнердің ғаламат мүмкіншілігін барынша 


50 
мол пайдалануға тиіс. Ал, мұндай істі жузеге асыру үшін телеарна 
қызметкерлері мен фольклористер күш біріктіруі қажет. 
ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ.
Қазақ фольклорын 
арнайы түрде жинап, жариялау мен зерттеу ісі XVIII ғасырдың екінші 
жартысынан басталады. (Орта ғасырлардағы авторлардың – М.Қашқари, 
Ж.Баласағұнилердің – еңбектерінде фольклорлық мәтіндер кездеседі. 
Алайда, олар мақсатты түрде ғылыми талдауға түскен жоқ еді). Қазақ 
фольклорын жинау, әсіресе Ресейдің Қазақстанды толық өзіне қарату үшін 
өте актуальді болды, сондықтан Ресейден шыққан арнаулы экспедициялар, 
әртүрлі іс-сапармен сахараға келген шенеуніктер, миссионерлер, офицерлер, 
оқымыстылар қазақ әдет-ғұрпы, тарихы, этнографиясы, мәдениеті, ән-күйі 
туралы мәліметтер жинауды басты мақсат етіп қойған-ды. Осы саладағы 
жұмыстың бірі – халық поэзиясының үлгілерін де жинау, жариялау болды. 
Бұл шаруа екі жарым ғасыр бойы үзілген жоқ, яғни XVIII ғасырдан бастап 
XX ғасырдың 90 жылдарына шейін әр түрлі формада жүріп жатты. Алайда, 
өмірде қай нәрсенің болса да күнгейі мен көлеңкесі болатыны сияқты, 
отаршылдық мақсатта жүргізілген осы іс, екінші жағынан, қазақ фольклоры 
туралы ғылымды дүниеге әкеліп, қалыптастырғаны да хақ. Екі ғасырдан 
астам тарихы бар фольклортану ғылымы бірнеше кезеңді қамтиды. Шартты 
түрде былай дәуірлеуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет