Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет37/122
Дата19.09.2023
өлшемі2,12 Mb.
#108500
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   122
Байланысты:
фольклор

I кезең:
ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы фольклортану. Бұл кезеңнің өзі іштей 
бірнеше белеске бөлінеді. Алғашқысы XIX ғасырдың бірінші жартысына 
дейін созылады. Бұл тұста қазақ фольклоры жеке жиналмайды. Ол 
жолжазбаларда, очерктерде, географиялық, тарихи, т.б. еңбектерде 
қамтылып, қазақ елі туралы дерек, мағлұмат ретінде пайдаланылады. Олар 
көбінесе шығарманың өзі емес, оның мазмұндамасы түрінде беріледі (П. 
Паллас, Н. Рычков, И. Георги, т.б.). Тек А.Левшиннің кітабында ғана кейбір 
аңыздар мен жырдың сюжеттері тарихқа қатысты түсіндіріледі. 
XIX ғасырдың екінші жартысынан XX ғасырдың басына дейінгі уақытта 
қазақ фольклоры енді ғылыми мақсатта да жиналады, арнайы түрде 
жарияланады, зерттеледі. Фольклорды жинаудың бағдарламасы жасалып, 
жарыққа 
шығады. 
Ресейдің 
В.Радлов, 
Г.Потанин, 
А .Диваев, 
А.Васильев, Я.Лютш сияқ ты зерттеушілерімен қатар қазақтың өз 
оқығандары да фольклорды жинап, жариялаумен, зерттеумен шұғылданады 
(Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Абай, Мәшһүр Жүсіп, Ә.Бөкейханов т.б.). 
Қазақ зерттеушілері фольклорды-тарихи материал деп түсініп, сол 
тұрғыдан талдауға күш салды. 
ІІ кезең:
XX ғасырдың бірінші жартысы. Өткен ғасырда қалыптасқан 
ғылыми шарттар осы жүзжылдықтың бірінші ширегіне дейін жүзеге асып 
жатты. Бұл дәуір де іштей этаптарға бөлінеді: 1930 жылға дейінгі шақта 
Ә.Бөкейханов, Ә.Диваев, Мәшһүр Жүсіп, Г.Потанин, А.Байтұрсынов, 
М.Әуезов, Х.Досмұхамедовтар фольклордың текстерін жинай жүріп, 
жариялады да, зерттеді де. Аталмыш жылдары қазақ қоғамының алдында ең 
басты мәселенің бірі – оқу-ағарту ісі еді. Зиялылар фольклорды ең әуелі осы 
мақсатта пайдаланды: хрестоматия жасады, оқулық пен оқу құралдарын 


51 
жазды. Фольклорды бірден-бір тәрбие құралы деп білді және халқымыздың 
сөз өнері деп түсінді. Ал, ғылыми мақсатта фольклорды "тарихи мектеп" 
тұрғысынан зерделеді. 1930 жылдан 1950 жылға дейінгі аралықта 
фольклорды жинауға және жариялауға мықтап ден қойылды. Бірақ 
партиялық идеология әсерін тигізіп, фольклорды таптық тұрғыдан зерттеу 
орнықты. Сөйтіп, оның халыққа пайдалы және халыққа жат түрлерін 
анықтау – міндет болды. Дегенмен, бұл жылдары мәтіндер көп жиналды, 
оқулықтар мен хрестоматиялар шықты, біраз зерттеу еңбектер де жарық 
көрді (С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Марғұлан, М.Ғабдуллин, 
Е.Ысмайылов). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет