Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет78/122
Дата19.09.2023
өлшемі2,12 Mb.
#108500
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   122
Байланысты:
фольклор

а) құбылушылықтан пайда болған заттар; б) сапар, 
саяхат кезінде пайда болған дүние; в) ұрлау (алып) қашу нәтижесінде
дүниеге келген нәрселер. 
Аталған үш әдіс қазақ мифтерінде де кездеседі. Ұзақ жорықтан шаршап 
келіп, ұйықтап жатқанда тасқа айналып кеткен Жеке батыр; тұтқиылдан 
келіп қалған жаудан құтылу үшін тасқа айналған қырық қыз; әкесінің 
қарғысынан тас боп қатып қалған жас қалыңдық. Міне, бұл мифтер 
Көкшетаудағы, Қазықұрттағы, Қаратаудағы жеке шыңдар мен тастардың 
пайда болуын құбылушылықтың нәтижесі деп баяндайды. 
Ал, асығыстықта бір етігін ғана киген қыздың ұзақ жолда көкекке 
айналып кетуі жайындағы миф, немесе ылғи ұрлық қылғаны үшін жаза 
тартудан қашып, аспанға шығып, жұлдыздарға айналып кеткен


135 
Жетіқарақшы туралы миф; я болмаса елінің қамын ойлап, алыстан тау 
арқалап келген Толағай батыр жайлы миф жоғарыда аталған әдістерге 
сәйкес. Мәселен, көкек құсының шығу тарихын ұзақ саяхатпен 
байланыстыру, ал Жетіқарақшы жұлдызының пайда болуын ұрының жазадан 
қашумен байланысты түсіндіру, сөз жоқ, архаикалық мифтердің әдісі. 
Ғылымда көне мифтердің негізгі салсын жасампаздық мифтер (мифы 
творения) деп атап, олардың басты сипаты – тұңғыштық яғни алғаш пайда 
болғанды көрсету деп саналады. «Жасампаздық мифтер дегеніміз – бүкіл 
дүниені құрайтын нәрселердің пайда болуын баяндайтын мифтер», - деп 
анықтайды Е.М.Мелетинский өзінің «Поэтика мифа» атты еңбегінде [18].
Осындай жасампаздық мифтердің ішінде ең бастысы – космостың 
жасалуын баяндайтындар, әлемнің пайда болуын әңгімелейтіндер. 
Әлемнің алғаш кезде хаос түрінде болып, кейін жасампаз қаһармандар 
мен «құдайлардың» еңбегі арқасында осы күнгі қалпына келгені жайлы миф 
дүние жүзі халықтарының бәрінде дерлік кездеседі. Рас, кейбірінде өте 
қарапайым болса, енді біреулерінде дамыған көркем шығарма түрінде келеді. 
Және барлық жұртта бірдей хаостың реттелген космосқа айналуы тікелей 
баяндалмайды. Бір алуан халықта бұл мифтің өзгерген түрі, немесе 
сарқыншағы ғана сақталған. Мұндай жағдайды қазақ мифтерінде ұшыратуға 
болады. 
Әдетте, архаикалық мифте аспан мен жер бөлінбей тұрғанда әлем шым-
шытырық хаос болып суреттеледі. Ал, хаосты, көбінесе, қараңғы түнек, 
немесе түн, кейде ұшы-қиыры жоқ түпсіздік (зияющая бездна), я болмаса 
ұлан-ғайыр мұхит ретінде бейнелейді. Осындай хаостың тәртіптелген 
космосқа айналуы – түнектің жарыққа, судың құрылыққа, түпсіздіктің затқа 
айналуы болып көрсетіледі.
Осылардың ішінде ең бастысы болып табылатындары – тұңғиық судың 
құрылыққа айналуы мен аспанның жерден бөлінуі. Хаостың космосқа айналу 
процесіндегі осы екі саты қазақ мифінде із қалдырған. 
Әлем ең алғаш ұшы-қиыры жоқ су болған деген космогониялық түсінік 
қазақ арасында кең тараған топан су туралы, Қазығұрт тауы жайлы мифтерде 
сақталған. «Қазығұрт тауы» мифінде былай делінеді: 
«Қазығұрт тауы» - тәңірі артық жаратқан тау екен. Өзі аласа тау болса 
да, жер жүзіндегі таулардың қасиеттісі екен. Баяғы заманда жер жүзін топан 
су басып кеткенде, жалғыз осы Қазығұрт тауы аман қалған екен. Қазығұрт 
тауының басында, күнбатыс жағында азырақ тегіс жер бар. Ол жер Нұқ 
пайғамбардың кемесінің орны екен. Барлық хайуанның тұқымы, төрт түлік 
мал тұқымы топан суына тәрік болмай, сол кемеге мініп аман қалған [19].
Жоғарыда айтқанымыздай, мифте хаостың тікелей космосқа айналуы 
айтылмайды, ал дүние жүзі толған су болған деген түсінік сақталған.
Қазақ мифінде хаостың космосқа айналуындағы басты бір шарт – жер 
мен аспанның жекеленіп пайда болуы да көрініс тапқан. Жаңағы Қазығұрт 
жайындағы мифтің бір вариантында «құдай баста жерді, көкті жаратқанда, 
Қазығұрт тауы да бірге жаралған» [20], - дейді. Міне, мұнда аспан мен жердің 
бөлектенуі, яғни әлемді қаптаған судан аспанның және құрлықтың бөлініп 


136 
жасалғаны жайында түсінік бар. Көне заманда, мифтік сана кезінде адамдар 
бүкіл әлемді, аспанды да су деп білген. Қазақ тілінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет