Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет79/122
Дата19.09.2023
өлшемі2,12 Mb.
#108500
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   122
Байланысты:
фольклор

«тәңір»
деп көкті, 
«теңіз» 
деп суды айту тегін емес. Екеуінің түбірі («тәң/тең»), «көк», «аспан» 
ұғымымен байланысты [21], демек, 
«тәңір»
- көктегі (яғни жоғарыдағы) су 
болса, 
«теңіз»
- жердегі (яғни төмендегі) су. Басқаша айтқанда аспанның өзі 
әуелде су деп түсінілген, оның «көк», «тәңір» болып аталуы содан. Ал, 
жердегі су да түсі жағынан аспан, яғни тәңір сияқты көк болғандықтан теңіз 
деп аталған. Екінші аспан мағынасында айтылған («з» - жұптықтың белгісі). 
Аспан мен жердің телегей теңізден бөлініп жаралғаны туралы түсінік 
жаһанда үш түрлі әлем (аспан, жер, жер асты) бар деген сенім тудырған. 
Ш.Уәлиханов мұндай сенімнің қазақта да бар екенін айтқан: 
«Аспанда ел бар. Ондағы адамдар белдікті тамағынан тартады, біз 
ортада, жер бетінде тұрамыз, сондықтан белдікті белімізге байлаймыз, ал, 
жердің астындағы адамдар белдігін аяғына орайды, олардың өздерінің күні, 
айы, жұлдыздары бар» [22]. 
Кейінгі замандарда, миф ертегіге айналғанда осы үш әлем ертегі 
кейіпкерінің шарлайтын мекеніне айналады. Бұл үш әлем шамандар дінінде 
де сақталған.
Мифтік үш әлемнің вертикальді түрде тізбектеліп орналасуы 
космостың моделі десе де болады. Аспан әлемі жерден бөлініп, өзінше 
реттелген болса, жер, мифтік түсінік бойынша, ортадағы әлем. Дүние 
жүзіндегі елдер мифі бойынша жер алуан түрлі болып суреттеледі: алып 
бұғы, тасбақа, немесе жыланның басы, т.б. түрде көрсетіледі. Оны, яғни 
жерді, зор балық, өгіз, кит, піл, яки жылан көтеріп тұрады. Ал, «қазақ 
арасында жер жұмыртқадай, ол көк өгіздің мүйізіне қойылған, бір мүйізі 
талғанда көк өгіз екінші мүйізіне ауыстыра салады, сол кезде жер сілкіну 
болады» [23], - деген мифтік ұғым болған.
Қазақтардың жер жұмыртқадай деп түсінетіні алғашқы қауымдағы көне 
мифтерден қалған із деуге болады. Зерттеушілердің еңбектеріне қарағанда, 
архаикалық мифтерде космос жұмыртқадан шыққан, тіпті алғашқы адамдар 
да солай пайда болған деген ұғым болған [24]. 
Жоғарыда айтылған үш әлемді, яғни бүкіл космосты, үлкен зәуілім 
ағаш түрінде де суреттеу бар. Бұл ағаш көп жағдайда мифтік үш әлемді 
вертикальді түрде жалғастырып тұрады. Ғылымда оны «әлемдік ағаш» 
(мировое дерево), немесе «космостық ағаш» (космическое дерево) дейді [25].
Осы космостық ағаш бейнесі көне мифтермен бірге шамандық нанымға да 
кіріккен. Жалпы әлемдік ағаш туралы мифтік ұғым қазақтың ертегілері мен 
шамандық нанымында да кездеседі. Рас, онда жоғарыда айтқан көне 
мифтердегідей емес, реликт түрінде кездеседі. Мәселен, көптеген қазақ 
ертегілерінде зәуілім бәйтерек суреттеледі. Ол кейіпкердің өмір жолында өте 
маңызды роль атқарады. Бәйтерек түбінде айдаһарды өлтірген кейіпкер аспан 
әлеміне көтерілуге, немесе жер астынан шығуға мүмкіндік алады: 
бәйтеректің басына ұя салған Самұрық (не Алып қарақұс) кейіпкерді аспан 
әлеміне алып ұшады, я болмаса жер бетіне шығарады. Міне, мұндағы зәуілім 
бәйтерек бейнесі – қазақ жағдайына сәйкес космостық ағаштың өзгерген түрі. 


137 
Мұны қазақтардың айдалада өсіп тұрған жалғыз ағашты қадір тұту салтынан 
да көруге болады. Бұл туралы Шоқан Уәлиханов былай деп жазады: 
«Жапанда өсіп тұратын жалғыз ағаш, немесе бұта қадірленіп, оның 
басына түнейді. Оның қасынан өтіп бара жатып, адамдар ағаштың 
бұтақтарына шүберек байлайды, ыдыс тастайды, тіпті құрбандыққа мал 
шалады, я болмаса аттың жалын түйіп тастайды» [26]. 
Үш әлемді дәнекерлеп, жалғастырып тұратын космостық ағаш бейнесі, 
шамандық нанымда жақсы сақталған. 
Қазақ бақсыларының қолына ұстап жүретін асатаяқ (асай-мұсай) осы 
Сібір шамандарының үш әлемді шарлауға мүмкіндік беретін космостық 
ағашының өзгерген түрі емес пе екен деген ой келеді. Қалай болғанда да, 
бақсы асатаяғы мен ертедегі бәйтеректің түбірі бір екені, ол архаикалық 
мифтегі космостық ағаш екені күмәнсіз. 
Алғашқы қоғамдағы мифтік ұғым бойынша космос тек жоғарыдан 
төмен қарай құрылған вертикальді үш әлем түрінде ғана емес, сондай-ақ тегіс 
жатқан, яғни горизонтальді әлем ретінде де суреттеледі. Полинезиялықтар 
мен африкалықтар, американдықтар мен сібірліктердің көне мифтерінде 
горизонтальді космос моделі төрт (кейде сегіз) бағананың, кейде діңгектің 
үстінде тұрған төрт бұрышты тегістік болып келеді [27]. 
Қазақтың «дүниенің төрт бұрышы» деген сөзі осы мифтік ұғымға 
меңзейді. Оның үстіне архаикалық мифтерде тегістікті басынан аяғына дейін 
(яғни жоғарғы бұрышынан төменгі бұрышына дейін) байланыстырып 
тұратын нәрсе - өзен болса (бұл жерде өзен үш вертикальді әлемді 
байланыстырып тұратын космостық ағаш сияқты), ондай түсінік қазақ 
арасында да із қалдырған. Әдетте, қазақтар «су басы», «су аяғы» деп қана 
қоймайды, сонымен бірге «суды өрлеп», «су аяғы құрдымға кетті...», деп те 
айтады. Мұндағы «су басы», «суды өрлеуі» - жоғарғы жақ та, «су аяғы»,
«құрдым» - төменгі жақ. Демек, қазақтың бұл сөздері ғалым 
Е.М.Мелетинскийдің мына пікіріне толық сәйкес келеді. 
«Солтүстік халықтарының шамандық мифологиясында (функциясы 
жағынан әлемдік ағашқа, шамандық діңгектерге жақын)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет