ТЫҢҚ-ТЫҢҚ <домбыраны қайталап бармақпен жай ғана шерткенде
шығатын дыбыс> *Кішкене домбырасын қолына алып ап, құлақтарын қайта-
қайта бұрап, тыңқ-тыңқ шертті де, тез күйттеп алды (С.Сматаев. Елім-ай, 87).
111
ТЫП-ТЫП <~ бол: аяғын нық-нық, тыпылдата басу> *Жусан
арасындағы жіңішке соқпақты бойлап, тып-тып тарта берді (Ә.Кекілбаев.
Бір уыс топырақ, 264).
ТЫПЫҢ-ТЫПЫҢ <~ бас: аяғын жиі-жиі аттап, тыпыңдата басып,
тез-тез жүруді бейнелейтін еліктеуіш> *Шынашақтай ғана ақ сары қыз
мектепке қарай аяғын тыпың-тыпың басады (Ө.Қанахин. Жүрек қалауы, 34).
ТЫПЫР-ТЫПЫР <адам мен хайуандардың аяқ-қолының өте тез,
қалай болса, солай, бір орында тұрмай бей-берекет тыпырлап әрекеттенуі>
*Қызыл жоңышқаның басы ұйпаланып, аспанда оқ тиген қырғауылдың
қанатындай тыпыр-тыпыр ете қалды (Ш.Мұртазаев. 51). *Жүйріктен жүйрік
шықса төрт аяғы тыпыр-тыпыр (Мақал)
ТЫРАҢ-ТЫРАҢ <~ ет: аяқ-қолын ербеңдете, оңқа-шоңқа болып
жығылу, мұрттай ұшу>
ТЫРАЯ-ТЫРАЯ <көп адамның бір жерге оңқа-шоңқа болып, аяқ-қолын
ербеңдете, сербеңдете құлап (жатуын бейнелеу)> *Ұйқы қысқан қыздар
тырая-тырая кетті (Т.Әлімқұлов. Замана екпіні, 81).
ТЫРБАҢ-ТЫРБАҢ <~ ет: аяқ-қолын ербеңдетіп, тырбаңдаған
әрекет сипаты > *Құдықтың аузындағы жігіттер қыл арқан ұшына жармасып
тырбаң-тырбаң етеді (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 217).
ТЫРБЫҢ-ТЫРБЫҢ <аяқ-қолын сәл ғана қыбырлатып, қркеттенуге
қатысты бейнелеуіш>
ТЫРҚ-ТЫРҚ <~ ет: тырқылдатып үн шығару>
ТЫРП-ТЫРП <аяғын сүйрете басып, өкшесімен жер соға жүргенде
қайталанып шығатын дыбыс> *Тырп-тырп басып біреу келе жатыр
(З.Шашкин. Т.Бокин, 159). *Yй сыртынан әлдекім тырп-тырп сырт-сырт
етіп қайталап шығатын дыбыс> басып, алыстай берді (Ә.Кекілбаев. Yркер,
8).
ТЫРС-ТЫРС <тысыр-тысыр *Ақша қарға көзден аққан жас тырс-
тырс тесе тамады (О.Бөкеев. Қасқыр ұлыған түнде, 279).
ТЫР-ТЫР <трактор жүргенде, денені қасығанда т.б, жағдайда
тырылдап, қайталанып шығатын дыбыс> *Бәйбішесіне арқасын тыр-тыр
қасытып жатыр (Т.Әлімқұлов. Кертолғау, 88).
ТЫР-ТЫРЛА <қайта-қайта тырылда, тыр-тыр ет>
ТЫРТЫҢ-ТЫРТЫҢ <үзбей тыртыңдап әрекет ету...>
*Адамдар ағаш үйлерінен ұзап тыртың-тыртың тірлігіне кіріспек
(О.Бөкеев. Ұйқым келмейді, 543). ТЫСЫР-ТЫСЫР <тырс-тырс етіп,
қайталанып естілетін баяу үн>
ТЫШТАҢ-ТЫШТАҢ <бір орынға тұрмай, шошаңдап, өзінше
пысықсып істеген әрекетін бейнелеу> *О да Боқының ұлына еліктеп,
тыштаң-тыштаң етеді... (З.Шашкин.Т.Бокин, 130).
112
- У -
УЛАЙ-УЛАЙ- <бойын әбден у тарай-тарай (үйреніп кету)>
*Содан бірталай заман өтті, Алашты улай-улай жаман өтті (М.Жұмабаев.
Шығ., 2, 26).
УМА-ЖУМА <әбден уқаланып, умажданып, бейберекет болған
заттардың қалпы>
УМАЖ-УМАЖ <әбден уқаланып, мыжғыланып, умаждалып,
жарамсыз қалпына келген зат қалпы> *Басым умаж-умаж жастыққа
тиісімен қор ете түскенмін (О.Сәрсенбаев. Таңд. шығ., 2, 260).
У-ШУ <азан-қазан, айқай-ұйқай дыбыс сипаты> *Ауыл төңірегі
у-шу (Қ.Байсейітов. Құштар көңіл, 7). *...Ымырт жабылып қалыпты.
Дүние у-шу, ызың-ызың... (М.Әуезов. Абай жолы, 1, 36).
- Ұ -
ҰБАЙ-ЖҰБАЙ <өзара келісім, бір-біріне сүйеу-тірек; ымпай-
жымпай болғандар> *Бір жерге екі қырсық біріккен соң, Қалар ма
ортамызда ұбай-жұбай... (Тезек төре, 35).
ҰЛЫП-ҰЛЫП- <қасқыр мен иттің дауыстарын ұзақ созып, ұли
беріп (бір-бірін іздейтін, қарны ашқанын, табиғатта болатын өзгерісті
сезгенін білдіруі> *Шуласып ұлып-ұлып алып, ауылға қарай тартып берді
(М.Әуезов. Қилы заман, 270).
ҰМАР-ЖҰМАР <көп адамның, малдың асығыс қозғалысынан пайда
болатын бір-бірін баса көктеп, шоғырлану қалпы> *Сықырлауық есік
быт-шыт болып, жұрт ұмар-жұмар ішке кірді («Жұлдыз», №3, 2002, 72).
*Жаюлы тор қусырылғанда, қаршыға мен қаз ұмар-жұмар шырмалып,
диірменнің тасындай шыр айналды (Т.Әлімқұлов. Кертолғау, 129).
- Y -
YБІР-ДYБІР <көпшіліктің қатарласа сөйлеуінен, аттардың
алыстан естілетін тұяқ дүбірінен шығатын дыбыс еліктеуіші>
YЙДЕК-ТYЙДЕК <заттардың бір тұтас болып ұйысып,
топтасып, шоғырланып тұрған қалпы, сипаты>
YЛП-YЛП <~ ет: өте майда, жұмсақ, жеңіл заттың жел лебімен
жеңіл ғана желпінуін бейнелейтін еліктеуіш>
- Х -
ХА-ХА <адамдардың қатты күлгенде қайталанып шығатын
күлкісін білдіретін дыбыс> *- Біздің қолымызда заң бар, Шван мырза,
– деп Тимме қағаз ұстаған қолын көтерді. - Ха-ха, заң... міне заң, - деп
Шван кешегі жасаған актісін қойын қалтасынан алып, Тиммеге ұсынды
(Қ.Исабаев. Соңғы тәулік, 149).
ХА-ХАХАЛА <қарқылдап қатты күлу>
113
- Ш -
ШАҚ-ШАҚ <шақ-шақ етіп жүрген мотордың дыбысына, құстың,
адамның ашулы дауысына еліктеу>
ШАҚ-ШҰҚ <қара.: шақ-шақ> *Сүйменнің тиген жері шақ-шұқ тас
(Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 251). *Қару-жарақтардың шақ-шұқ дыбысы,
аттардың ышқына кісінегені, жаралылардың ыңырана күңкілдегендері
қанішерлерді онан әрмен құтырта түсетін тәрізді (Ә.Әлімжанов. Жаушы, 147).
ШАҚҰР-ШҰҚЫР <соқтығысып сынған шыны-әйнектің дыбысын,
бір-біріне қайраған тістің дыбысын, т.б. шақырлайтын заттардың
шығаратын үнін бейнелеу> *Шақыр-шұқыр еткен дыбысқа Арзы апам да
амалсыз бұрылып қарады (Ш.Мұртазаев. 1).
ШАЛДЫР-ШҰЛДЫР <салдырлаған, шұлдырлаған дыбысқа еліктеу>
ШАЛҚАҚ-ШАЛҚАҚ <~ ет: адамның басын кейкитіп, артына қарай
шалқақтатып, қайқаңдауын бейнелейтін еліктеуіш> *Биыл шалқақ-шалқақ
басқан шетелдік меймандар сабылатын болды (М.Сқақбаев. Пенде ғұмыр, 5).
ШАЛП-ШАЛП <суға шомылғанда, суды шапылдатқанда қайталанып
шығатын дыбыс пен шашыраған су бейнесі> *Ол әлгі бір қсем жүзудің
орнына суды шалп-шалп еткізіп, жағаға аптыға жүгірді (Ш.Мұртазаев.
Жүрекке әжім түспейді, 196).
ШАЛТАЙ-БАЛТАЙ <не болса соны айтып, аузына келгенін көкудің
сипаты> *Шалтай-балтай неге керек. Әйда тұр орныңнан! – деді
Пернебеков (Т.Әлімқұлов. Шежірелі сахара, 4).
ШАҢҒЫР-ШҰҢҒЫР <қара.: саңғұр-сұңғыр> *Қарақұрым жылқы
да қос рет атылған мылтық даусынан, жез ілегеннің шаңғыр-шұңғыр
үнінен, жылқышылардың қиқулата қуған айқай-шуынан дүркірей жылжып,
табандарынан тас атысып, жөңкіле жөнелді (Б.Тоқтаров. Таудағы ән, 21).
ШАҢҚ-ШАҢҚ <қайта-қайта шаңқылдаған дыбысқа еліктеу> *Шаңқ-
шаңқ етіп әлдеқандай дәу-дәу құстар айналып жүр (Ш.Мұртазаев. Ақсай мен
Көксай, 37). *Оның ыпыны қашқаны жаман болды, шаңқ-шаңқ дауыстар
жиілеп, қоюланып, асқынып, елеурей бастады (Т.Әлімқұлов, 20).
ШАҢҚ-ШҰҢҚ <қара.: шаңқ-шаңқ>
ШАҢ-ШҰҢ <шаңқылдап-шұңқылдап шыққан дыбысқа еліктеу>
*Әңгімемен айналаны тегіс ұмытқан ба, шаң-шұң дыбыс қатқыл тамақтың
қырылдаған үнімен алдарынан оқыс естілді (С.Сматаев. Елім-ай, 67). *Таң
қараңғысында, электрдің жарығы аламыш түскен ағаштардың арасында шаң-
шұң дауыс шықты (Т.Әлімқұлов. Кертолғау, 84).ШАППА-ШАП <бетпе-
бет, қолма-қол келген (ұстау, соғысу)>*Онда қарсылық, шаппа-шап келген
соғысқа айналмақ (М.Әуезов. Абай жолы, 1, 65).
ШАППА-ШҰП <қара.: шапа-шап>
114
ШАПШАҢ-ШАПШАҢ <өте тез, тездетіп, асығыс-ұсығыс> *–
Қане, шапшаң-шапшаң киіп көріңдер. Шақ келмесе, апарып тастаймын,– деп
тықыршиды (Ө.Қанахин. Жүрек қалауы, 69).
ШАПЫР-ШҰПЫР <көп нәрсенің тез-тез, апыр-топыр, жапыр-жұпыр
әрекетін бейнелейтін еліктеуіш> *Жарық ай жылжи-жылжи төмен ауды, шапыр-
шұпыр, жымыңдаған жұлдыздар сирей бастады (С.Сматаев. Елім-ай, 274).
ШАРТ-ШАРТ <1. сарт-сұрт етіп қатты шыққан дыбыс сипаты; 2.
ауыс. сарт-сұрт еткізіп, қолма-қол ұстасу сипаты> *Екі жақ жапыр-жұпыр
бір-бір араласып, шарт-шарт ұрысып кетті (М.Әуезов. Абай жолы, 1, 158).
ШАРТ-ШҰРТ <сарт-сұрт>
ШАРТПА-ШҰРТ <шартта-шұрт; шатыр-шұтыр> *Қуанғаныңыздан
алақаныңызды шартпа-шұрт ұрып, балаша мқз боласың (ҚТТС, 10, 155).
ШАР-ШАР <~ ет: қайта-қайта шарылдап шыққан дауысқа еліктеу>
*Арша күбіні ысқылап жуып отырғанда, бір жаман дауыс шар-шар ете қалды
(Ш.Мұртазаев. Жүрекке әжім түспейді, 218).
ШАР-ШҰР <шарылдап-шұрылдап қайталап шыққан дыбыстың сипаты>
ШАРТТА-ШҰРТ <сартта-сұрт, шартпа-шұрт> *Шартта-шұрт
төбелес, шартта-шұрт ұстаса кетті (ҚТС, 723).
ШАТЫР-ШҰТЫР <нажағай жарқылдап, күн күркірегенде шығатын
сатыр-сұтыр еткен қатты дауыс сипаты> *Жұрт тағы да шатыр-шұтыр
шапалақ сабасты (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 274). *Тас түнекті қақ жарып
найзағай жарқ етті де, іле-шала аспан асты шатыр-шұтыр күркіреп кетті
(Ә.Әлімжанов. Жаушы, 23).
ШӘЛДІР-БYЛДІР <шүлдірлеп, былдырлап, не айтып, не қойғанын
білмейтін адам сөзінің сипаты; қара.: шүлдір-былдыр> *Бұрын да шәлдір-
бүлдір әрең сөйлеуші еді (ҚТС, 726).
ШӘҢКІЛДЕП-ШӘҢКІЛДЕП- <шіңк-шіңк еткен жіңішке дауысымен
біреуге ұрсып, жер-жебіріне жетіп (діңкілдеу)> *Yйдің жаман қаншығы
шіңкілдеп-шіңкілдеп шаршап ол да қойды (А.Нұрманов. Құланның ажалы, 410).
ШӘУ-ШӘУ <күшіктер мен кәндек (қандек) иттердің қайта-қайта
шәуілдеп үруін бейнелейтін еліктеуіш>
ШӘУ-ШӘУЛЕС <көпшіліктің өзара дабырлап, шәуілдесіп сөйлесуін
бейнелейтін еліктеуіш етістік>
ШИҚ-ШИҚ <1. кейбір құстардың (торғай, балапан т.б.) шиқылдаған
дауысына еліктеу; 2. майламаған арба дөңгелегінің жүргендегі дыбысына
еліктеу> *Баурай бауырындағы індігеш екеш індігештерге дейін шиқ-шиқ үңге
бөгіп, табиғаттың қағанағы қарқ шағы (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 228).
*Арбаның сол жақтағы артқы дөңгелегі ауырған тістей зарлап, шиқ-шиқ етеді
(Ш.Мұртазаев. Бойтұмар, 69).
ШОЙҚАҢ-ШОЙҚАҢ <қара.: шойнаң-шойнаң>
115
ШОЙНАҢ-ШОЙНАҢ <~ бас: аяғын қайыра басып, маймаңдап, ақсаңдап,
қисаңдап басу; қара: шойтаң-шойтаң, шойқаң-шойқаң т.б.>
ШОҚАҢ-ШОҚАҢ <~ ет: қайта-қайта бір жағына қисаңдап,
шоқалақтап жүрудің сипаты> *Олар мен жаққа оқшиып-оқшиып қарап, неге
келмейді дегендей состиысты да, қайтадан шолп-шолп еткізіп, көлге сүңгіп-
сүңгіп кетті (І.Есенберлин. Алтын құс, 20).
ШОМП-ШОМП <бір заттың терең суға жоғарыдан құлап қайта-қайта
түсіп жатқанда шығатын дыбыс сипаты> *Аудың табан тастары суға шомп-
шомп түсіп жатыр (ҚТС, 736).
ШОР-ШОР <шор-шор болып томпиған...> *Шал басынан тақиясын шешіп
шор-шор болып қыртыстанған тақыр басын сипады (О.Бөкей. Атау-Кере, 450).
ШОРШЫП-ШОРШЫП- <бірнеше рет шоршу...> *Yси бастағанымды
сезсем де істерге лаж жоқ, шоршып-шоршып шаршадым (О.Бөкеев. Өз отыңды
өшірме, 172).
ШӨК-ШӨК <түйе малын шөгеру үшін айтылатын ишарат сөз> *Тек
қана, «шөк-шөк» дей бермей, осы бізді де ел қылатын, ер қылатын ақыл айтшы!
– деді (М.Әуезов. Абай жолы, 1, 57).
ШӨРЕ-ШӨРЕ <1. ешкі малын шақыру үшін айтылатын одағай сөз. 2.
Өзара топтасып, бір қауым болып бір үйірімге айналған топтар> *Аз да болса
пысық және шөре-шөреде жүргендіктен бір мүшеден қалмай ілесіп отыратын
(М.Әуезов. Абай жолы, 1, 19). *Бәрінің көңілін табам деп шөре-шөре болмай
қадіріңді өткізіп, бірін тұтын (Ә.Кекілбаев. 31).
ШУ-ШУ <көп адам, мал жиналған жерде олардың өзара дабырласып
сөйлесуінен, жамырасуынан шығатын әр алуан дыбыстар; жылқы мен түйені
жүргізу үшін айтылатын ишарат сөз> *...Қандауыр өтірік тебінген болып, атын
шу-шулейді (О.Бөкеев. Ұйқым келмейді, 40). * «Әйт шу-шу, жануар» деген сөзге
маңғаздана құлақ салып асықпай адымдаған түйе, ... отар-отар қой, ... үйір-үйір
жылқы, сол малды қоғамдап, қайырмалаған адамдар (А.Сейдімбеков. Күңгір-
күңгір күмбездер, 81).
ШУ-ШУЛЕП <малды айдау, жүруге ишарат ету> *Жуан қарагер атты
шу-шулеп тебініп таяп келді (Ш.Мұртазаев.) *...Екі қолын кезек шайды да, күйіс
қайырып жатқан шеткі сиырды, «шу-шулеп» орнынан тұрғызды. (Т.Дәуренбеков.
Таң атып келеді, 315).
ШҰЛҒИ-ШҰЛҒИ- <жиі-жиі, қайта-қайта басын изеп, біреудің
айтқанын мақұлдап, қуаттап (отыру)> * «Тап солай» десіп, бастарын шұлғи-
шұлғи иланып еді (М.Әуезов. Абай жолы, 1, 169).
ШҰЛҒЫП-ШҰЛҒЫП- <қайта-қайта басын изеп, бір нәрсені мақұлдай
беру; ат басын шұлғылап ілгері тартты> *Байжан басын шұлғып-шұлғып қалды
(Ғ.Мүсірепов. Таңд. шығ., 2, 41). *Зығырданы қайнай басын шұлғып-шұлғып
қояды (М.Сүндетов. Қызыл ай, 123).
116
ШҰРҚ-ШҰРҚ <айналасы шұрқ тесік, сау-тамтығы жоқ тесік-
тесік> *Yстіндегі қой терісі тон шұрқ-шұрқ тесік... («Жұлдыз», №5, 2002).
*...Оқ ақ денесін шұрқ-шұрқ тескен (Х.Әдібаев. Таңбалы адам, 15).
ШҰР-ШҰР <~ ет: қайта-қайта шұрылдау > *Піскен ыстық күлшені
көз алдыма елестетемін. Оны ойлаған сайын ішім шұр-шұр етіп, аузымнан
сілекейім ағып, одан сайын қарным ашады (Қызылдар қырғыны, 20).
ШЫЖ-БЫЖ <1. мың сіз-бізден бір шыж-быж артық. Бұл арада
шыж-быж ауыс мағынасында, жеп-ішетін тамақ, мал сойылып, қазанға
«шыж-быж» дауысын шығара қуырылған қуырдақ тағам ретінде
қолданылып тұр; 2. ауыс. ~бол: күйіп-пісу, ашуланып тулау> *Мың «сіз-
бізден» бір шыж-быж артық (Мақал); *Оның несіне шыж-быж боласың
(Т.Иманбаев. Yлкен үй, 16). *Ерлі-зайыптының шырқын бұзғанда «шыж-
быждан» қағылмаймын ба?! (Т.Әлімқұлов. Кертолғау, 253).
ШЫЖ-МЫЖ <қара.: шыж-быж, шыж-пыж>
ШЫЖ-ШЫЖ <~ ет: 1. ыстық, қыздырылған ыдысқа шикі асты
қуырғанда шығатын дыбыс сипаты; 2. ауыс. біреуге жаны ашып, күйіп-
пісу, шыжылдау>
ШЫҚ-ШЫҚ <~ ет: қайталап, қайта-қайта шықылдаған дыбыс
сипаты> *Сағат сол 7 ноябрьдің кешінде менің блиндажымдағы үстелдің
үстінде шық-шық соғып тұрды (Ә.Нұршайықов.Ақиқат пен аңыз,2,262)
ШЫЛДЫР-ШЫЛДЫР <сырға, шолпы, шашбау, қоңырау т.б. осы
сияқты металдан жасалған заттардың өзара соқтығысып, шылдырлаған
дыбысы> *Тоғжанның шолпысы шылдыр-шылдыр етіп ап-анық естіліп бара
жатқан сияқты (М.Әуезов. Абай жолы, 1, 118).
ШЫЛҚ-ШЫЛҚ <~ ету: су қаптаған шалшықты басқанда шылқылдап
естілетін дыбыс сипаты> *Аяқ астының шылқ-шылқ еткені мен аттардың
пысқырғанынан басқа бөгде дыбыс естілмейді (Т.Дәуренбеков. Таң атып
келеді, 176).
ШЫЛП-ШЫЛП <өзен, көл, теңіз суының шайқалып, жағаға,
жағадағы тастарға соққанда шылпылдап шығатын дыбысы> *Тасқа
шылп-шылп соққан суық майда жауын соның бәрін бір-ақ қылғып жұтып
қойғандай (С.Сматаев. Елім-ай, 59).
ШЫҢҚ-ШЫҢҚ <ұрғанда, қинағанда қайта-қайта шың-шың етіп
шығатын дыбыс сипаты>
ШЫҢ-ШЫҢ <қара.: шыңқ-шыңқ>
ШЫП-ШЫП <~ терле: пора-пора болып терлеу; (маңдайынан) тері
шыпылдап шығу> *Әсіресе, мұрнының үсті шып-шып терлеген жан оқта-
текте шұлғып кетіп, қолындағы кесесін түсіріп ала жаздады (О.Бөкеев. Қар
қызы, 67). *Сап-сары қымыз ожаумен сапырғанда, көпіршімей, шып-шып
етіп шымырлап қана толқиды (М.Әуезов. 1, 83).
117
ШЫР-ПЫР <1. торға түскен торғайдың әбігерленіп, шырылдап-
пырылдап (тыпыршуы); 2. ауыс. бір нәрсені, істеу үшін жанұшырып,
күйіп-пісіп, шат-шәлекей болуы> *Америка каньонын табиғат ескерткішіне
айналдыруда Линкольн осынау табиғи құдіреттен балаларының баласы рақат
тауып, көңіл қиялын шарықтатуы керек екенін айтып, ... шыр-пыр болған екен
(А.Сейдімбеков. Күңгір-күңгір күмбездер, 102).
ШЫРТ-ШЫРТ <сандықшаның, шкаф тартпасының т.б. заттардың
шырт-шырт етіп жабылғанда шығаратын болмашы дыбыстары> *Жер
болғаныңды от басында көзіңе шұқып көрсетейік деген жуандық танытып,
біріне-бірі насыбай ұсынып, ... шырт-шырт түкірісіп қойды (С.Сматаев. Елім-
ай, 24).
ШЫР-ШЫР <~ ет: 1. телефонның, есік қоңырауының, торғайдың
т.б. тынбай, не қайталап шырылдауын білдіретін еліктеуіш; 2. ауыс. жаны
қалмай шырылдауды, безек қағуды білдіретін еліктеуіш> *Біз судың жағасына
түскеннен-ақ бір боз торғай төбемізде салбырап, шыр-шыр етіп тұрды да алды
(Ш.Мұртазаев. Ақсай мен Көксай, 38). *Шегірткенің айғырындай шыр-шыр
етіп, шіңкілдеп келіп не жазығым бар дегізіп, Маңдайдың да сыбағасын бергізді
(Ә.Ақпанбет. Қатын қашқан, 17).
ШЫР-ШЫРЛА <шыр-шыр ету, шырылдау>
ШЫТ-ШЫТ <қара.: быт-шыт> *Әлі-ақ көп ұзамай осынау шыт-шыт
боп жарылып қаңсып жатқан даланың кенезесін қандырып муссандар өтеді...
(Ә.Әлімжанов. Отырардан жеткен сый, 141).
ШЫТЫР-ШЫТЫР <тоқтаусыз шытырлап жанған оттың дыбысын
білдіретін еліктеуіш> Енді сол бойында ортада шытыр-шытыр жанып тұрған
от басына тақала берді (С.Сматаев. Елім-ай, 226).
ШІҢК-ШІҢК <~ ет: қайта-қайта шығатын шіңкілдеген (жіңішке)
дыбыс сипаты>
- Ы -
ЫБЫР-ЖЫБЫР <адам тіршілігіндегі бітпейтін-таусылмайтын майда,
күйткіл тірлік>
ЫБЫР-ДЫБЫР <болар болмас қана естілетін баяу қимыл мен
дыбырлаған үн>
ЫБЫР-СЫБЫР <адамдар арасында болатын күңкіл-сүңкіл, ұсақ-түйек,
пыш-пыш әңгіме> *Көптің ішіндегі ыбыр-сыбыр тына қалды (Ғ.Мұстафин.
Дауылдан кейін, 353). *Кейінгі кездері ыбыр-сыбыры көбейіп кетіп еді
(Ш.Хұсаинов. Yкілі Ыбырай).
ЫҒЫ-ЖЫҒЫ <ары-бері сапырылысқан, шоғырланып жиналған>
*Әйтеуір қайда қарасаң да, ығы-жығы адам... (Ә.Кекілбаев. Yркер, 57).
*Борандының базары ығы-жығы (Ш.Мұртазаев. Айырбас, 90).
118
ЫЗҒЫТЫП-ЫЗҒЫТЫП- <астындағы атын, машинасын жіберіп-
жіберіп, жүйіткітіп-жүйіткітіп (алу)>
ЫЗЫ-ҒЫЗЫ <улап-шулаған адам дауысына ұқсас, әр алуан үн, дыбыс...>
*Кейбір түндері ызы-ғызы үн шығады, шейіт болған жандардың әруағы болар...
(«Егемен Қазақстан», 04.09.98. 3). * Буырыл ат қой маңырап, ит үріп ызы-ғызы
болып жатқан ауыл жаққа қарай ентелей басады да, ертесіне қосқа қайтқандай
мойыны салбырап, митың-митың мандымай қояды (Ә.Кекілбаев. Бір уыс
топырақ, 229).
ЫЗЫҢ-ЫЗЫҢ <қайта-қайта ызыңдаған дауыс сипаты> *...Ымырт
жабылып қалыпты. Дүние у-шу, ызың-ызың... (М.Әуезов. Абай жолы, 1, 36).
*Басы сынып, ызың-ызың араның ұясына айналған Ерік тек таңға жуық қана
қорылдап ұйықтап кетті (О.Бөкей. Атау-Кере, 441).
ЫЛПЫҢ-ЖЫЛПЫҢ <адамның, малдың өте тез, сумаңдап, елпеңдеп,
аяғын тез-тез болып жүретіні>
ЫМДАС-ЖЫМДАС <ымы да, жымы да бір, бір-бірін жарты сөзінен
ғана түсінетіндер сипаты> *Жалпақ сары қазақпен бұрыннан ымдас-жымдас
(ҚТС, 758).
ЫМ-ЖЫМ <қулық-сұмдық, айла-тәсіл> *Бұл екеуінің ым-жымын әлі тірі
пенде сезген емес (З.Ақышев. Жаяу Мұса). *Осы ауылдың қатындарына ымы-
жымы қосылмайды (Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер, 566).
ЫҢ-ДЫҢ <у-шу, ыңылдап, дыңылдап қайталаған дыбыстар сипаты>
*Дүйсен Қасейіновтің есебін де үнсіз тыңдап, ың-дыңсыз мақұлдай салды
(«Айқын», №61, 06.09.2004).
ЫҢ-ЖЫҢ <қара.: ың-дың> *Кешеден бергі ың-жыңнан басы зеңгіріп,
дарбаза алдындағы жалғыз тұттың көлеңкесіне зорға жетті (Ә.Кекілбаев. Бір уыс
топырақ, 65). *Күйкі тіршілікке жегін өгізше мойын ұсынып қалған күнімді ың-
жыңсыз өткізсем қайтеді? (Ө.Қанахин. Жүрек қалауы, 202).
ЫҢҚЫЛ-СЫҢҚЫЛ <адамды ыңқылдатып-сыңқылдатып қинайтын
жеңіл-желпі ауру-сырқау> *Қартайған сайын өзімді ыңқыл-сыңқыл
айналдыратын болды (Б.Майлин. Шұғаның белгісі, 257). *Киімі де, тағамы да
мойнымда. Ыңқыл-сыңқылы көп... («Айғақ», 11.05.2000, 4).
ЫҢҚЫЛ-СЫҢҚЫЛСЫЗ <ауру кеселсіз...>
ЫҢҚ-ЫҢҚ <адамның күшеніп, қатты қимылдағанында, ауыр нәрсені,
көтергенде, жаны қиналғанда қайталап шығаратын дыбыстары> *Қос ат
жетілген салдырлақ көк арба ыңқ-ыңқ еткен мені Алматыға полкке жеткізді.
Санчаста рентгенге салып көрді де, өкпеңе суық тиген деп тапты (Б.Соқпақбаев.
Өлгендер қайтып келмейді, 153).
ЫҢСЫЗ-ДЫҢСЫЗ <ың жоқ, дың жоқ, у-шусыз, тып-тыныш>
ЫҢ-ШЫҢ <ыңылдаған-шыңылдаған дыбыс...> *...Солай ың-шыңсыз
тыныш кетті (Д.Исабеков. Таңд. шығ., 1, 271).
119
ЫҢ-ШЫҢСЫЗ <айғай-шусыз, ешкімге дабыра қылмай> *Бауырлас
елдердің ың-шыңсыз келісімге келе алуы кейбір мемлекеттердің көңіл-күйіне
жақпаған тәрізді («Түркістан», №37, 09.02).
Достарыңызбен бөлісу: |